1. Ферменттерді бейорганикалық катализаторлармен салыстыра отырып,сипаттаңыз Ферменттер энзимдер



бет50/54
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11921
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
41.Инженерлік энзимология – биотехнологиялық үрдістерді қарқынды жүргізу қажеттілігіне байланысты пайда болған жаңа ғылыми-техникалық бағыт. Инженерлік энзимологияның міндеттері – жасушадан бөлініп алынған немесе онда орналасқан ферменттер мен полиферменттік жүйелердің негізіне “берілген қасиеттері” бар органикалық катализаторларды конструкцияландыру. Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін бөлім энзимология деп аталады. Ферменттер қатысатын үрдістерді ғылыми тұрғыдан зерттеу ХVІІ ғасырдың орта кезінен басталды. Осы кезде Гельмонт қанты бар сұйық заттардың ерекше қоздырушылар көмегімен жүретінін анықтаған. Осыдан кейін Лавуазье ашу кезінде қант түгелдей көмірқышқыл газына және спиртке айналатынын анықтадыХІХ ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (уыттан – амилаза, қарын сөлінен – пепсин, т.б) бөлініп алынды. Сөйтіп, катализ және катализаторлар жөніндегі ілім пайда болды.. Жалпы өндірістерде ферменттерді қолданудың көптеген тиімді әдістері бар. Экономикалық маңызды заттар алу үшін, мол өнім беретін жасушалар мен ұлпаларды өндіріс жағдайында өсіру – биотехнологияның жаңа бағыты. Егер дәстүрлі биотехнологияда құнды биологиялық белсенді заттар алу үшін тұтас ағзаларды. микроағзалар, өсімдіктер, жануарлар пайдаланылып келсе, ал қазіргі биотехнология – жасушалық биотехнологияға бағытталған, тап осы жағдайда өсімдіктердің ерікті және орнықтырылған (иммобилденген) жасушаларын жасанды ортада өсіруге негізделген. Ферменттік препараттарды тамақ өнеркәсібінде нан, сыраның сапасын жақсарту үшін, дайын өнімнің шығымын көбейту үшін қолданады. Қорыта келе, инженерлік энзимология қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан биотехнологияның бір саласы, мақсаты – жаңа биотехнологиялық өндірістерде, органикалық синтезде, терапия және диагностикада жаңа тәсілдерді пайдалану үшін ферментті катализаторларды қолданудың ғылыми негіздерін жасау, сонымен қатар иммобилизденген ферменттердің көмегімен энзимологияның іргелі мәселелерін шешу болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет