1. Философия білімнің ерекше түрі және рухани қызметтің ерекше түрі ретінде


Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі



бет5/97
Дата26.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#143863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
5. Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі.
Адамның өмірі қысқа. Ең бастысы адам мынаны түсіну керек. Әрбір адамның өмір бойы табиғи немесе саналы түрде дүниетанымы қалыптасады. Әрине, әрбір адам әлемнің дұрыс, объективті көрінісін түсіне алуға ұмтылады… Бұл – жеке эмпирикалық тәжірибе.
Философия – бұл философиялық ойшылдардың алдыңғы ұрпақтарынан мұра боп қалған тамаша құндылық, жинақталған білім қоры. Философия тарихының әр кезеңінен осы қордың жиналған үлкен көлемді орнын, қоймасын табуға болады, міне, адамзатты өмір бойы осы қызықтырды да, ойға батырды, әрі кейде қорқыныш та ұялатты. Ондағы барлықтың бәрін көру үшін өмірің жетпеуі де мүмкін. Сондықтан адамға өзіне қажеттіні таңдау керек. Бұл – белгілі-бір философиялық идеяны, теорияны зерттеу. Ол уақытты қажет етеді. Уақыт – біздегі ең қымбат ресурс және ол шектеулі.
Әлемді түсіну құралдарының жалпы арсеналында философия қандай орын алады? Басқаша айтқанда: адам және қоғам дүниетанымын қалыптастырудағы философияның рөлі? Бұл рөлді жоғарыда аталған дүниетанымды қалыптастырудың келесі көздерінің үйлесімі контекстінде қарастыру керек:
1 жеке эмпирикалық тәжірибе;
2 мәдениет;
3 дін;
4 ғылым;
5 философия.
Философияның рөлі туралы пікірлер – бүгінде өте кең. Бағалау, біріншіден, субъективті себептерге, философияның орнын және оның әлеуметтік мәртебесін бағалайтын адамның жеке тәжірибесіне байланысты. Егер адам «кәсіби» философ болса, философияны бағалау жоғары болады. Екіншіден, бағалау объективті себептерге де байланысты.
Ең алдымен, бағалау өз уақыт кезеңіне байланысты. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде философияның дүниетаным жүйесі ретіндегі рөлі өте жоғары немесе тіпті елеусіз болуы да мүмкін болды. Мысалы, ежелгі әлемде (оның діни дүниетанымымен ресми болғанына қарамастан) Сократ, Платон және Аристотель сынды ежелгі грек философтарының ілімдері үлкен танымалдылыққа ие болған ғасырларын «философия салтанатының» уақыты деп атауға болады.
«Философия салтанатының» тағы бір мысалы 19 ғасыр Еуропасы: неміс классикалық философиясының (Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель) күрт өсуі жағдайында христиандықтың әлсіреу процестері байқала бастады. ХХ ғасырда әлемде ғылымның беделі күрт өсті. Бұл кезекті рет философияның қоғамдағы әсерін төмендетуге ықпал етті.

Философияның адам мен қоғам өміріндегі орны аса зор:



  • философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның тұлғаретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.

  • Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.

  • Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ойлануға әсерін тігізеді.

Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдарын көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күштіәсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонансоң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп, философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.
Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік деңгейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасына білім алушы жастардың қарапайым индивид-пенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процестерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.
Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бұл қадам дұрыс деп ойлаймыз. Белгілі философ К.Ясперстіңпікірінше, «философия тарихы — философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге, тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойындағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады» (К.Ясперс. Всемирная история философии.
Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі — ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ дамуына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік «Менін» көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.
Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философиялық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, «философия кеңістігіндегі субтанциялардың» қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі мен шығармашылығын талдау, тіпті кейбір биографиялық кезеңдеріне назар аудару танушы субъектінің тұлғалық қалыптасуына маңызды әсер етеді. Мысалы, Сократ, И.Кант, Л.Толстой, Абай, Шәкәрім және тағы басқа ойшылдардың ақиқатқа жету жолындағы адами және ғылыми тазалығы философиялық ізденіске деген құштарлығы мен құрбандығы жастарға ой салып, олардың тұлғалық келбетінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз. Философия тарихы біздің танымымызды тарихи тұлғалардың шығармалары, тағдыры, мінез-құлқы, өмір салты арқылы ашылатын өмірлік құндылықтармен толықтырады. Танушы субъект философияның көмегімен өз өмірін саналы түрде қайтадан, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары деңгейде түсінуге жол табады. Осы ойымыздың мысалы ретінде тұлғаның өмір мәндік түсініктерінің қалыптасуындағы философияның рөлін айтсақ та жеткілікті.
Философия тарихын зерттеу тұлғаның бойында адамшылық ережелерінің жетіліп-дамуының да ішкі қозғаушы күші бола алады. Жеке философиялық тұлғалардың моральдық ілімдерін, олар теориялық деңгейде зерттеп қана қоймай, іс жүзінде ұстанған парыз, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, өзіне ғана емес, басқаларға да қызмет ете білу, жан-жақты жетілгендікке ұмтылу және тағы басқа моральдық принциптерді танып-білу, оны өзіндік өмірлік тәжірибеде жүзеге асыруға, мақсаттық жүйеге айналдыруға талпыну — индивидтен бірте-бірте тұлғаның қалыптасуына қажетті құрылымдар.
Философия тарихы адамның бойында еркін ойлау принциптерін қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, себебі философия — рухтың жоғарғы еркіндігі саласы және философия тарихы еркін ойлау мен еркін өмір сүрудің тамаша үлгілеріне толы.

Еркіндік мәселесі — философия ғылымы ғасырлар бойы зерттеп келе жатқан, әлі шешімі табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп отырған «мәңгілік» мәселелердің бірі. Философиялық ойлауға тән ашықтық, сыни верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі сынай білу философияны игеруші субъект-тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз қолында екендігін түсіндіреді. Бұл мәселе, әсіресе, кішкентайынан тиым салу ережелерінің қатаң шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тиым салу арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады. Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын қоғамдық деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет