1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Жасуша аралық байланыс түрлері



бет6/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
13.Жасуша аралық байланыс түрлері
Жалпы,ағзаның даму үдерісінде жасуша және жасуша аралық заттар ұлпаларға,мүшелерге,мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.Көп жасушалы жануарларда мүшелер мен ұлпалар құрамындағы жасушалар өзара байланыста болады.Бұл байланыстар күрделі жасуша аралық және арнайы бір құрылымдарды құрайды.Жасуша аралық байланыстардың бірнеше түрлері бар,олар:қарапайым байланысу,тығыз байланысу,саңылаулы байланысу.Жеке-жеке тоқталсақ,қарапайым байланысудың үш түрі бар:жәй,құлып және десмосома.Жәй байланысу-ең көп кездесетін,ең көп тараған байланыс түрі.Олардың ерекшелігі:екі жасушаның плазмалық мембранасының арасында кеңістік болады.Кеңістіктің мөлшері- 15-20нм-ді құрайды.Құлып байланысу-аты айтып тұрғандай,бір жасушаның плазмолеммасы екінші жасушаның қабықшасының ойысына сәйкес келіп,берік өсіндіні құрауы.Десмосомалық байланысу-екі жасушаның арасында пішіні түймеге ұқсас ұзын өсінділердің пайда болып,байланыс жасауы.Екі жасушаның арасы 25-30нм болады.Екінші байланыс түрі,тығыз байланысу.Тығыз байланысу-көрші жатқан екі жасушаның плазмолеммаларындағы протеиндер бір-бірімен байланысып,жасуша аралық қосылыстарды түзуі.Үшінші байланыс түріне-саңылаулы байланыстарды жатқызамыз,олар екі жасушаның плазмолеммалары бірігіп,олардың арасында 2-3нм саңылаудың қалуы арқылы пайда болады.Саңылаулы байланыстар арқылы әртүрлі молекулалар мен иондарды бірінші жасушадан екіншісіне өткізетін бірліктер-коннексондар түзіледі.Бізде тағы бір байланыс түрі бар ол,синапстық байланыс.Синапстық байланыс-екі нейронның жанасқан жері болып табылады.Оның құрылымында импульсті өткізетін,қабылдайтын мембраналар және екі жасуша арасында синапс саңылауы болады.
14.Эндоплазамалық тордың құрылысы мен қызметі
Эндоплазмалық тор-цитоплазма ішінде түгелдей мембраналы қабықтан тұратын,бір-бірімен байланысып жатқан ұзынша келген қуысы бар түтікшелер мен өзекшелерден құралған күрделі жүйе.Ол ядро қабықшасы мен сыртқы мембрананы да біртұтас етіп байланыстырып тұрады.Мембранасының қалыңдығы 7нм-ді құрайды.Эндоплазмалық тордың құрылысы мен даму деңгейі әр жасушада әртүрлі болады.Негізінен ол,гликоген,белоктар мен липидтерді жақсы синтездеп отыратын жасушаларда өте жақсы дамиды.Олардың бейнесі өсімдік және жануар жасушаларында айқын көрінеді.Эндоплазмалық тордың қызметі-жасуша ішіне қажетті заттардың енуін,органоидтардың бір-бірімен байланысуын реттеп,тасымалдаушы қызметінде атқарады.Олар ақуыздар,липидтер мен көмірсуларды бірінші синтездейді,содан кейін тасымалдайды.Эндоплазмалық тордың екі түрі бізге белгілі,олар:түйіршікті ЭПТ және түйіршіксіз ЭПТ.Екеуінің бір-бірінен айырмашылығы:түйіршікті ЭПТ жарғақшасында рибосомалар болады және ол осы рибосомаларда белок синтезінің жүзеге асырылуына жауап береді.Ал,түйіршіксіз ЭПТ құрылысында рибосома мүлдем болмайды.Бірақ,түйіршіксіз ЭПТ гликогенді синтездеуге,кальцийді жинауға,жасушадағы дәрілер мен улы заттарды жоюға қабілетті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет