ІІ типті секреторлы альвеолоциттер пішіні текшелі, цитоплазмасында осмиофилды гранулалалар байқалады. Олар гликолипидпротеинді затты −сурфактантты өндіреді. Сурфактант екі бөліктен (фазалардан) тұрады:1)төменгі–гипофазадан, альвеола эпителийінің беткейін тегістейді 2) беткейлі-апофазадан, фосфолипидті моноқабатты түзеді, олардың гидрофобты аймақтары альвеола қуысына қарап жатады. Сурфактанттың функциялары: альвеолалар түсуіне кедергі жасайды, 2)тамырлардан альвеола қуысына сұйықтықтың өтуіне тосқауыл құрады, 3) бактероцидті қасиеттері болады,4) иммунокомпетентті жас-ң және макрофагтардың функцияларын ынталандырады.
Өкпелер резекциясы жағдайында ІІ типті альвеолоциттер регенерацияға қатысуы мүмкін.
III типті жиекті жасушаларыхеморецепторлық қызмет атқарады. Жиекті жасушалардың цитоплазмасындағы секреторлы грануларында кальцитонин, бомбезин, серотонин болады.
16. Өкпеден тыс ауа өткізу жолдары. Ауа өткізу жолдары қабырғасының құрылысы: мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек және басты бронхтар. Шырышты қабықшасының гистофункциялық ерекшеліктері. Тыныс алу жүйесі қанды оттегімен байытып, ағзадағы СО2-ні сыртқа шығарады. Тыныс алу жүйесі газ алмасу аймағын сыртқы ортамен байланыстыратын өкпеден және ауа өткізу жолдарының жүйесінен тұрады. Сонымен, тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ, көмей, кенірдек, бронхтар, бронхиолалардан тұратын ауа өткізу жолдары және респираторлы бронхиолалардан, альвеолярлы жолдардан, альвеолалардан тұратын респираторлы бөлімі ажыратады. Осының ішінде ауа жолдарына тоқталып кетсек, жоғарыда айтылғандай ол бірнеше мүшелерден тұрады. Жалпы біз білетіндей тыныс алу жүйесі мұрын қуысынан басталады.
Мұрын қуысы негізінен 2 бөліктен тұрады: кіреберісі мен тыныс алу бөлігінен тұрады. Кіреберіс бөлігінің қабырғасы көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителийі мен эпителийдің меншікті пластинкалы шырышты қабықпен қапталған. Ал тыныс алу бөлігі бокал тәрізді, кірпікшелі,базальді және жиекті жасушалардан тұратын көп қатарлы кірпікшелі эпиелиймен тысталған. Бұл жасушалар ауамен келген зиянды, бөтен текті заттарды жояды не сыртқа шығарады. Мысалы, бокал тәріздес жасушалар өздерінен бөтен заттарды жабыстырып, сыртқа шығаратын муцинді секрециялайды. Сонымен қатар, мұрын қуысында болатын плазмоциттерден лизоцим мен иммуноглобулин А бөлінеді. Ал жиекті жасушалар хеморецептор қызметін атқарса, базальді жасушалар регенерация-камбиальдық қызмет атқарады. Жалпы мұрын қуысының тыныс алу бөлігінің кілегейлі қабаты иісті қабылдау және шырышты қабығынан тұрады. Иісті қабылдпу аймағы иіс сезу анализаторының шеткі мүшесі болып табылады, ал шырышты қабығында жұқа веналар орналасады. Веналар қабынғанда сәйкесінше тыныс алу нашарлайды.
Жұтқыншатың мұрындық бөлігі мұрын қуысынан келген ауаны көмекейге өткізуші мүше. Оның қабырғасы көп қатарлы кірпікшелі эпителий мен меншікті пластинкадан тұрады. Меншікті пластинкасында майда бездердің секреторлы бөлігі, ал артында жұтқыншақ миндалинасы орналасады.
Көмекей ауаны жылытып өткізеді, секрет бөледі, қорғаныштық сузгілік қызмет атқарады және сөйлеу актісіне қатысады. Қабырғасы 4 қабаттан тұрады: шырышты, шырышасты, физрозды-шеміршекті және адвентициялы. Шырышты қабаты көп қатарлы кірпікшелі эпителийден тұрады. Ал көмей байламдары көп қабатты жалпақ және мүйізделмеген эпителиймен қапталады. Меншікті пластинкасы БТДТ, физрозды шеміршек қабығы фиброзды талшықтар мен гиалинді және эластинді талшықтардан тұрады. Енді ондағы байламдар қабырғасының құрылымына келсек, байламдар негізінен шырышты қабаттан түзіледі. Нағыз дыбыс байламдары эластинді және көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан, ал жалған байламдар БТДТ түзіледі. Көмейдін адвентициалды қабықшасы БТДТ тұрады. Көмей жұтқыншақтан көмейүсті мен бөлініп тұрады, онық негізін эластикалық шеміршек құрады.
Кеңірдек – қабырғасы шырышты, шырышасты, фирозды-шеміршекті және адвентициядан тұратын түтікшелі мүше. Шырышты қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителий мен меншікті пластинкадан тұрады. Меншікті пластинкасында миоциттері, эластинді талшықтары мен лифматикалық фолликулдар болады. Ал эпителийінде кірпікшелі, бокал тәріздес, базальді жасушалары және эндокриноциттері бар. Бокал тәрізді мен кірпікшелі жасушалар құрылысы мұрын қуысындағы жасушалар тәріздес. Базальді жасушалар камбиальді қызмет атқарады. Эндокриноцттер призма тәріздес, гормональді түйіршіктері болады. Сол түйіршіктері арқылы кальцитонин, бомбезин, серотонин, нейромедиаторлар мен норадреналин бөледі. Шырышасты негізі БТДТ тұрады, онда күрделі нәруыз-шырышты бездер орналасады, олардың секреті эпителий беткейін ылғандандырады, бактероцидті қасиеттері болады. Фиброзды-шеміршекті қабықша 20 жартылай сақиналарды түзетін гиалинді шеміршекті тіннен және шеміршек қабығының тығыз талшықты дәнекер тіннен (ТТДТ) тұрады. Кенірдектің артқы беткейінде шеміршектің жартылай сақиналардың шеткі ұштары ТБЖ шоғырларымен қосылып тұрады, бұл кезде кенірдектің артқы жағында орналасқан өнештің бойымен тағамның өтуіне жағдай жасалады. Адвентициалды қабықша БТДТ тұрады.
Басты бронхтар өкпе бөлігінде оң жағында 3, сол жағында 2 бронхтарға бөлінеді. Жалпы бронхтар қабырғасы 4 қабаттан тұрады. Шырышты қабатының өзі 3 қабаттан тұрады: көп қатарлы, кірпікшелі эпителий, меншікті және ет пластинкалары. Эпителий құрамында кірпікшелі, бокал тәріздес, эндокринді, секреторлы, жиекті және кірпікшесіз жасушалар бар. Мұндағы секреторлы жасушалар құрамында секрет бөлетін түйіршіктері мен белок синтезіне қатысатын органеллары бар. Ал кірпікшесіз жасушаларында гликоген мен секреторлы түйіршіктері бар. Жиекті жасушаларының микробүрлері мен нейросекреторлы түйіршіктері хеморецепциялық қызмет атқарады. Шырышасты қабатында шырышты белокты бездер орналасады. Фиброзды-шеміршектіқабықшашеміршекті және ТТДТ тұрады. Ал етті қабаты сәйкесінше өз жасушалары миоциттерден түзіледі. Ең сыртқы қабаты адвентиция, дәнекер тінінен тұрады.