Көкбауыр регенерациясы негізінен репаративті регенерация болып табылады. Ал физиоллгиялық тұрғыда лимфоидты және стромальді жасушалар бағаналы дифферондар қатарынан жеке дамиды.
14. Тыныс алу және асқорыту жолдарындағы лимфалық фоликуллалар (жеке және топтасқан) туралы түсінік Лимфа түйіні жалпы шеткі қыртысты, орталық бозды заттардан тұрады.
Қыртысты зат құрамында көптеген лимфатикалық фолликулдары болады.
Диаметрі 0,5-1 мм. Фолликулдар ретикулярлы талшықтардан тұрады.
Фолликулдар біріншілік және екіншілік болып екіге болінеді.
Айырмашылығы екіншілік фолликулдарда көбею орталығы болуы.
Біріншілік фолликулдар В лимфоциттер мен фолликулярлы дендрит жасушаларынан тұрады. Сонымен қатар Т лимфоциттер мен макрофагтар болуы мүмкін. Антигендермен байланысқан соң, бұлардан екіншілік фолликулдар түзіледі. Пайда болған фолликулдар құрамында көбею аймағы мен мантийлі аймақ пайда болады.
Лимфа түйіндерінің қыртысты аймағындағы лимфатикалық фолликулдар пішіні мен құрылысы үнемі өзгеріп отырады, бұл жалпы ағзаның жай-күйіне байланысты өзгеріс болып табылады. Осыған байланысты фолликулдар 4 түрі ажыратылады:
Бастапқы кезеңдегі көбею орталығының білінуі
Ашық түсті реактивті немесе көбею орталықтың кіші лимфоциттермен қоршалуы немесе тыныштық кезеңі деп аталады.
15. Тыныс алу жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Ауа өткізу жолдары мен респираторлық бөлім. Эмбриональді дамуы мен шығу көздері. Тыныс алу жүйесі – ағзада тыныс алумен қатар тыныс алуға қатыссыз қызмет атқаратын мүшелер тобы. Бұл жүйеге қатысатын мүшелер ауа жолдарына және респираторлық бөлім болып бөлінеді.
Тыныс алу жүйесі қанды оттегімен байытып, ағзадан СО2 газын сыртқа шығарады. Газ алмасу өкпе арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар қызметтеріне: жұтылған ауаны жылыту және ылғалдау, ауаны шаң-тозаң мен микроорганизмдерден тазалау, қан тамырлар жүйесіндегі қанды оттегімен жабдықтау, тромбопластин мен оның антогонисі немесе қарсыласы гепариннің бөлінуі арқасында қанның ұюына да қатысады.
Ауа жолдарына: мұрын қуысы, мұрынның жұтқыншақтық бөлігі, кеңірдек және бронхтар жатады.
Функциясы: жұтылған ауаны респираторлы бөлімге өткізеді.
Кондиционерлік қызметі: ауаны жылытады, дымқылдатып тазалайды Қорғаныс-сүзгілік қызмет: ауадан келген микроорганизмдердің астыңғы қабатқа өтпеуіне септігін тигізеді
Секреторлы қызметі: ауа жолдарын тыстайтын кілегейлі қабық эпителийінің құрамында шырыш бөлетін – бокал тәрізді жасушалар бар. Бөлінген шырыштың құрамында иммудық қызмет атқаратын антиденелер мен лизоцим бар. Эпителий қабатының құрамындағы эндокринді жасушалардан біраз гормондар бөледі.
Дамуы.Жалпы тыныс алу жүйесінің шығу тегі алдыңғы ішектің вентральді қабырғасындағы прехордальді пластинка болып саналады. Эмбриогенездің 3аптасында бұл пластинкадан екі өсінді пайда болады, олар екі жақ өкпе бастамасын береді. Өкпенің дамуы үш кезеңнен тұрады.
кезең. Эмбриогенездің 5-ші аптасынан 4 айға дейін жүретін секреторлы кезең. Бұл кезеңде ауа жолдары мен бронхиалды жолдар, тронх тармақтары дамиды. Өкпе тек түтікше түрінде болады.
кезең. Эмбриогенездің 4-6 айында жүретін канакулярлық кезең.
Бронхиалды жолдар мен респираторлы бронхиолалар түзіле бастайды.
кезең. Эмбриогенездің 6 айдан бастап туғанға дейін жүретін альвеолярлық кезең. Мұнда альвеолярлы жолдар мен қапшықтар қалыптасады.