Ортаңғы мидың ішкі құрылысы 3 негізігі бөліктен тұрады; 1. Төбе табақшасы lamina tecti. 2. pedunculi cerebri-дің жоғарғы бөлімі болып табылатын жамылғы tegmentum. 3. pedunculi cerebri-дің вентральды бөлігі немесе ми аяқшасының негізі.
Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына қара зат(substantia nigra), қызыл ядро (nucleus ruber), III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ми аяқшалары мен жамылғысы арасындағы шекара- қара зат, оны құрайтын нерв жасушаларындағы қара пигмент – меланинге байланысты. Ол қызметі жағынан экстрапирамидалық жүйеге жатады.
Сұр зат ядроларының ішіндегі ең маңыздысы – қызыл ядро. Бұл ұзындау шұжық тәрізді түзіліс, аралаық ми гипоталамусынан төменгі қуыс төбешікке дейін созылады, сол жерде қызыл ядроны жұлынның алдыңғы мүйіздерімен жалғастыратын маңызды жол tractus rubro spinalis басталады. Қызыл ядро экстрапирамидалық жүйенің оның басқа бөліктерімен байланысқан аса маңызды үйлестіруші орталық. Осыған байланысты мишық пен экстрапирамидалық жүйе, қызыл ядро мен одан шығатын жол арқылы еріксіз автоматтты қозғалысты реттеу жағынан бүкіл қаңқа бұлшықеттеріне әсер етеді.
Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi. Көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйке аралас жүйке тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл жүйке арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл жүйке серпiлiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiң қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк жүйке. Ми жүйке терінің IV жұп жүйкесi де аралас жүйке. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |