Сыртқы құрылысы. Ортаңғы ми (тesencephalon) көпір және аралық мидың арасында орналасқан. Оның құрамына ми аяқшалары және ортаңғы ми жамылғысының табақшасы кіреді.
Ми аяқшалары (pedunculi cerebri) бойлық талшықтардан түзілген, екі жуан, жартылай ірі массивті түзілістер. Ми аяқшалары арасында ми аяқшаларының шұңқыры (fossa interpeduncularis) жатады, оның түбін қантамырлар өтетін артқы тесіктелген зат (substantia perforata posterior) - жұқа табақша құрайды. Ортаңғы мидың латералді жүлгесі (sulcus lateralis mesencephali) арқылы ми аяқшалары вентралді бөлігіне (crus cerebri) және ортаңғы мидың жамылғысына (tegmentum тesencephali) бөлінеді.