Төменгі төмпешіктің ядросы (nucleus colliculi inferioris) біріншілік есту рефлекторыныңорталығы болып табылады. Онда латералдыілмек талшықтарының бір бөлігі аяқталады.Бұл ядро жасушаларының өсінділері төменгітөмпешіктің сабын құрайды, медиалды сүйелді денеге барады, ал талшықтардыңбасқа бөлігі бағанның қозғалтқыш ядроларында аяқталатын жамылғы-булбарлы жәнежамылғы-жұлын жолдарының құрамына кіреді. Төменгі төмпешік ядроларының қатысуымен қозғалтқыш, бағдарлық рефлекстержүзеге асады.
Жоғарғы төмпешіктердің ядроларыжоғарғы төмпешіктің сұр қабатына (stratum
griseum colliculi superioris) — көрудің біріншілік рефлекторлы орталығы болып табылады. Онда көру жолының талшықтарының бір бөлігі, сонымен бірге жұлын жамылғы жолындағы жұлынның талшықтары аяқталады. Осы артқы жамылғы қиылысын (decussatio tegmentalis posterior) құрайтын ядролардың жасушалары жамылғы-жұлын және жамылғы-булбарлы жолдардың талшықтарының негізгі массасын құрайды. Олар қозғалтқыш, бағдарлық рефлекстерді жүзеге асырады. Ортаңғы ми жамылғысының сұр заты бас сүйек жүйкелерінің ядроларынан тұрады. Орталық сұр заттың латералды бөлігінде үшкіл жүйкенің ортаңғы ми ядросы (nucleus mesencephalicus nеrvi trigemini) жатады. Ортаңғы ми жамылғысының төменгі төмпешіктерінің жоғарғы деңгейінде шығыршық жүйкесінің қозғалтқыш ядросы (nucleus nervi trochlearis) орналасады. Ортаңғы мида көз қозғалтқыш жүйкесінің ядролары орналасқан. Қозғалтқыш ядро - қөзқозғалтқыш жүйкесінің ядросы (nucleus nervi oculomotorii) — ірі, дөңестеу болып келеді. Оның бес сегменттерін бөледі, олардың әрқайсысы жоғарғы қабақты көтеретін және алмасының сыртқы бүлшықеттерін жүйкелендіреді. Көзқозғалтқыш жүйкесінің жұп козғалтқыш ядросынан басқа орталык тақ ядросы (nucleus centralis impar) болады. Олар көз алмасының медиалды тік бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Қозғалтқыш ядроларға дорсалды ортаңғы сызық бойына жақын көзқозғалтқыш жүйкесінің парасимпатикалық қосымша ядролары (nuclei accessorii nervi oculomotorii) opналасады. Осы ядролардың нейрондары көз қарашығын тарылтатын және кірпікшелі бұлшықетті жүйкелендіреді. Ортаңғы ми жамылғысының маңызды ядросы қызыл ядро (nucleus ruber). Бұл ядроның нейрондарынан қызыл ядроны жүлынның алдыңғы мүйіздерімен жалғастыратын маңызды жол (tractus rubrospinalis) басталады. Ол алдыңғы жамылғы қиылысын (decussatio tegmentalis anterior) құрайды және жұлынның қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Ми сабауының торлы түзілісімен бірге қызыл ядролар бұлшықет тонустарының жұмыстарын реттеп отырады, бұл жерде ми аяқшаларының негізінде орналасқан, қара ядро (substantia nigra) маңызды қызмет атқарады. Бұл зат түсі оны құрайтын жүйке жасушаларындағы қара пигмент меланинге байланысты. Ортаңғы мидың ақ заты қысқа және ұзын эндогенді және ұзын экзогенді талшықтардан түзілген. Ми аяқшасының вентралды бөлігін ұзын экзогенді эфференті талшықтар: қыртыс-жұлын, қыртыс-ядролы және қыртыс-көпірлік жолдар құрайды. Ортаңғы ми жамылғысында әр түрлі жоғарылаушы және төмендеуші шоғырлардың талшықтары өтеді. Ұзын эндогенді жүйке талшықтары ортаңғы мидың ядросында түзіледі: қызыл ядрода (қызыл ядро-жұлын жолы), ортаңғы ми жамылғысында (жамылғы-жұлын) және басқа да қысқа эндогенді талшықтар ортаңғы мидың ядроларын өзара байланыстырады.