Бұганаасты артериясынын ( a.subclavia ) тармактары : артериянын үш бөлімін айырады: біріншісінен – омыртқа артериясы , кеуделік ішкі артерия және қалқанша - мойын сабауы , - екіншісінен – қабырға - мойын сабауы , үшіншісінен - тұрақсыз , мойынның көлденең артериялары шыгады
73) Көру (2) жүйкесінің түзілуі мен ядролары түсіндіріңіз?
Көру жүйкесі (nervus opticus; лат. neivus ~ жүйке, opticum— көру) — N. opticus , көру нерві , эмбриогенез үрдісінде көз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шығады , филогенез үрдісінде жарық рецепторымен байланысты пайда болатын ортаңғы мимен байланысқан , оның мидың осы бөлімдерімен тығыз байланысы осымен түсіндіріледі . Ол жарық тітіркендірулерін өткізетін сомалық - сезімтал талшықтардан тұрады . Ми туындысы ретінде онда түйін болмайды ( бассүйек нервтерінің 1 жұбы сияқты ) , ал оның құрамына енетін афферентті талшықтар көздің торлы қабығының көпполюстік нерв жасушалар нейриттерінің жалғасын құрайды . N. opticus көз алмасының артқы полюсінен шығып canalis opticus арқылы бассүйек куысына кіріп , қарсы жағының дәл осындай нервімен сынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis те жататын айқаспаны chiasma opticum түзеді ( айқаспа толық емес , нервтiн тек медиалды талшықтары ғана айқасады ) . Көру жолының хиазмадан кейінгі жалғасы tractus opticus болып табылады , ол corpus geniculatum laterale мен pulvinar thalami - де және ортаңғы ми қақпағының үстіңгі төбешігінде аяқталады . Екі торлы қабық арасында , айқаспаның алдыңғы бұрышы арқылы өтетін нерв будалары арқылы байланыс болады . Бұл байланыс ми сыңарларының комиссуралық байланыстарына ұқсас . Мұндай байланыстың бар екендігіне көздің біреуі зақымданып немесе ауырғанда басқа көзде де көру өрісінің жоғалу фактісі дәлел бола алады .
№74. Қолқаның құрсақтық бөлігінің висцеральды тармақтарын жұп тармағын атаңыз,қанмен қамтамасыз ету аймақтарын түсіндіріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |