1. Иық - бас сабауы truncus brachicephalicus , s . a . anonyma ұзындығы 3-4 см , ұрықтың оң жақ вентралды қолқасының қалдығы болып табылады : ол жоғары , кейін және оңға қарай жүріп , кеңірдектің алдында орналасып , ол жерде қалқанша безге тармақ a . thyroidea ima беріп , оң жақ төс - бұғана буынының артқы жағында өзінің ақырғы тармақтарына оң жақ жалпы ұйқы (a.corotis communis dextra) және оң жақ бұғанаасты артерияларына (a.Subclavia) бөлiнедi.
2. Сол жалпы ұйқы артериясы, a. carotis communis sinistra тікелей қолқа доғасынан басталады .
СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ ( acarotis externa ) - ы ұйқы артериясының екі тармагынын біреуі , ол едәуір тармақтар береді .
Сыртқы ұйқы артериясынын алдыңғы тармақтары: Жоғарғы қалқанша артериясы а.thyroidea superior қалкаша бездің жоғарғы ұшында алдынғы жане артқы тармақтарға бөлінеді . Бұл артериялардың бүйір тармақтары :
1. Тіласты асты тармағы ( г.infrahyoideus )
2. Төс - бұғана - емізік тармағы ( r.stemnocleidomastoidea )
3. Көмейдiн жоғарғы артериясы ( r.laringea superior )
4. Жүзік - қалқанша тармағы ( r.cricothyroideus ) .
Тіл артериясы ( a.lingualis ) , тiласты сүйегiнiң үлкен мүйізінің жанында арткы тармактарын береді , ал оның соңгы тармағы - тілдің терең артериясы ( a.profunda linuaе ) , тілге енгенге дейiн одан екi тармақ шығады : тіласты артериясы ( a sublingualis ) және тіласты үстi тармағы ( r.suprahyoideus ) .
Бет артериясы ( a.facialis ) тіл артериясынан сәл жоғары басталады . Бетке келесі тармақтар бередi :
1. Жоғарғы ерiн артериясы ( a.labialis )
2. Төменгi ерiн артериясы ( a.labialis inferior )
3. Бұрыштық артерия ( angularis )
Бет артериясынын мойынға беретiн тармактары :
1. Бадамшалық тармақ ( r.onsillaris )
2. Иекасты артериясы ( a.submentalis )
3. Жоғарылаған таңдай артериясы ( a.palatina ascendens )
Достарыңызбен бөлісу: |