1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Сан артериясының топографиясы, тармақтары мен қанмен қамтамасыз ететін аймақтарын түсіндіріңіз



бет26/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык

22. Сан артериясының топографиясы, тармақтары мен қанмен қамтамасыз ететін аймақтарын түсіндіріңіз.

Сан артериясы (a. femoralis) сыртқы мықын артериясының жалғасы, шап жалғамасының астында, тамырлық тесікте (lacuna vasorum) басталады. Сан артериясы санның алдыңғы бетіне шыққан соң, әкелетін және жазғыш бұлшыкеттер арасындағы науашыққа төмен бағытталады. Артерия санның жоғарғы үшінде сан үшбұрышында, жалпақ шандыр қабыктың (fascia lata), терең табағында сан венасына латералді орналасып, жалпақ шандыр қабықтың беткей табағымен жабылады. Сан артериясы (сан венасымен бірге) сан үшбұрышынан өткен кезде тігінші бұлшықетпен жабылады және санның ортаңғы және төменгі үшінде әкелетін өзектің (canalis adductorius) жоғарғы тесігіне кіреді.

Артерия өз жолында санды және іштің алдыңғы қабырғасын қанмен қамтамасыз ететін бірнеше қатар тармақтар береді.

1.Беткей кұрсақүсті артериясы (а.epigastrica superficialis) сан артериясының алдыңғы қабырғасынан, шап жалғамасынан төмен басталып, теріасты саңылауы (hiatus saphenus) аймағында жалпақ шандыр қабықтың беткей табағын тесіп өтеді. Беткей құрсақүсті артериясының тармақтары іштің алдыңғы қабырғасы терісін және іштің сыртқы қиғаш бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді.
2. Мықын сүйектің беткей айналма артериясы (a. circumflexa ilium superficialis) сан артериясының сыртқы қабырғасынан немесе беткей құрсақүсті артериясынан басталып, шап жалғамасы бойымен мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы бөлігіне (spina iliaca anterior superior) латералді және жоғары бағытталады және теріні, бұлшықеттерді
және шап лимфа түйіндерін қанмен қамтамасыз етеді.
3. Сырткы жыныс артериялары (aa.pudendae externae) 2-3 мөлшеріндегі жіңішке сабаулар, сан венасының алдыңғы және арткы шеттерін айналып, медиалді бағытталады. Артерияның біреуі жоғары жүріп, қасағаүсті аймағына жетіп, теріде тармақталады; екіншісі қырлы бұлшықеттің
үстінен жүріп, сан шандыр қабығын тесіп өтеді және ұмаға (жыныс ернеулеріне) алдыңғы ұмалык тармақтар (rr. Scrotales anteriores) түрінде барады.
4. Шап тармақтары (rr. Inguinales) сан артериясының бастамасынан басталатын 3-4 кішкене сабаулар (fascia cribrosa) аймағында санның жалпақ шандыр қабығына өтеді және теріні, шап аймағының беткей және терең лимфа түйіндерін қанмен қамтамасыз етеді.
5. Санның терең артериясы (a. Profunda femoris) - сан артериясының ең ipi тармағы. Ол сан артериясының артқы қабырғасынан, шап жалгамасынан 3-4 см төмен тармақталып, мықынбел және қырлы бұлшықеттерде (mm. iliopsoas et pectineus) жатады. Ол алғашында сыртқа, кейін сан артериясының артында, төмен бағытталады. Артерия артқа қисайып, санның медиалді жалпақ және әкелетін үлкен және ұзын бұлшықеттер арасында үшінші тесіп өтетін артерия атауымен аяқталады. 6. Бұлшықеттік тармақтар (rr. Musculares) саны 7-8, сан артериясының барлық деңгейінен тармақталып, санның алдыңғы топ бұлшықеттеріне жазғыштарға, әкелетін бұлшықеттерге және тігіншілік бұлшықетіне бағытталады.
7. Төмендеген тізе артериясы (a. Genus descendens) - ерекше ұзын тамыр, сан артериясынан әкелетін өзекте (canalis adductorius) басталып, төмен бағытталады. Теріасты нервімен (N. Saphenus) бірге тереңнен беткейге сіңірлі табақшаға тесіп өтеді. Тігінші бұлшықет (М. Sartorius) артымен жүріп, ортан жіліктің медиалді айдаршығын айналып, осы аймақтың бұлшықеттері мен тізе буынының буын қабында аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет