21. Сегізкөз өрімінің: ұзын тармақтары және жүйкелендіретін аймақтары жайлы айтыңыз.
1.Санның арткы терілік нерві (п. Cutaneus femoris posterior) (S1, S2, S3), өзінің бастапкы бөлімдерінде төменгі бөксе нервісіне өте жақын жатады немесе бірге жалпы сабау түрінде жүреді; жамбас астауынан алмұрт астылық тесік (foramen infrapiriforme) арқылы, шонданай нервтен медиалді шығып, бөксенің үлкен бұлшыкеті астында жатады; шонданай төмпесі ортасы мен ортан жіліктің үлкен ұршығы арасында орналасып, санның артқы бетіне түседі. Бұл жерде ол жартылай сіңірлік бұлшықет (т. Semitendinosus) және санның екібасты бұлшықеті (т. biceps femoris) арасындағы жүлгеде, жалпақ шандыр астында орналасады; төмен бағытталып, санның артқы беті бойындағы шандырды тесіп өтетін тармақтар береді, олар санның артқы, әсіресе медиалді беті терісінде тармақталып, тақым шұңқыры аймағы терісіне жетіп нервтендіреді. Ол өз жолында 3 тармақ береді:
2. Шонданай нерві (п. Ischiadicus) (L4, L5,S1, S2, S3) бел - сегізкөз өрімінің ғана емес, денедегі барлық нервтердің ішіндегі ең ірі нерв, ол сегізкөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы. Шонданай нерв алмұрт астылық тесік (foramen infrapiriforme) арқылы шығатын барлық нервтер мен тамырлардан латералді орналасады жэне бір жағынан үлкен жамбас бұлшықеті (т. gluteus maximus), екінші жағынан егіз бұлшықет (тт. Gemelli), ішкі жапқыш бұлшықет (т. obturatorius internus),санның төртбасты бұлшықеті( m. quadratic femoris) арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызыктың ортасында жатып нервтендіреді. Шонданай нерв бөксенің үлкен бұлшықетінің төменгі жиегінен шыққасын, бөксе қатпары аймағында санның жалпақ шандырына жақын жатады; кейін ол санның екібасты бұлшықетінің ұзын басымен жабылып, аталған бұлшықет пен әкелетін ұзын бұлшықеттің арасында орналасады. Ол өз жолында бірнеше тармақтар береді: а)бұлшықеттік тармақ (rami musculares) б)асықты жілік нерві (n. Tibialis) в)жалпы кішіжіліншік нерві (n.peroneus communis)