1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Емдеу-қорғау тәртібі және стационардағы бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру



бет15/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
20.Емдеу-қорғау тәртібі және стационардағы бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру.
Стационар дегеніміз төсек тартып жатқан науқастарға арналған емдеу сауықтыру мекемесі. Бұл мекеменің негізгі қызметі ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу, медициналық қызметкерлерді дайындау. Олар қабылдау, емдеу бөлімшелерінен тұрады.
Қабылдау бөлімшесінің негізгі қызметі науқасты қабылдау және тіркеу. Қабылдау бөлімшесі пациенттерді алып келген адамдарды отыратын күту залынан, пациенттерді қабылдайтын мейірбике кабинетінен, санитарлық тазалау бөлмесінен, әжетхана тұрады. Қабылдау бөлімінде тұрған медициналық қызметкердің міндеті: бөлмелерді қажетті заттармен қамтамасыз ету, науқастың жолдамасымен танысып, дәрігерге алып бару, медициналық аспаптарды залалсыздандыру, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету және т.б
Әрбір ауруханаға түскен пациентердің мейірбеке дене қызуын, теріні, жұқпалы аурулардың бар жоғын тексеріп шығу керек.Тексеріп болған соң мейірбеке қолын залалсыздандыру керек.Егер пациент ауруханаға есін білмей түссе, онда оны алып келген адамнан ақпаратттарды алады. Науқастарды санитарлық –гигеналық өндеуден өткізгеннен кейін міндетті түрде қолданған құралдарды залалсыздандыру керек. Осы қабылдау бөліміндегі мейірбикелердің жұмысын бас мейірбикелел ұйымдастырып, күнтізбе жоспарын құрастырады.
Қабылдау бөлімдерінің екі түрі болады, олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған қабылдау бөлімінде бүкіл аурухана бөлімшелері үшін бір ғана қабылдау бөлімі болады. Ал орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі бөлек орналасады, яғни әр бөлімшенің өз қабылдау бөлмесі болады. Ауыр халдегі науқастарға ыңғайлы болу үшін, қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта орналасуы тиіс.

Ал емдеу бөлімшесі диагностикалық, процедуралық, операциялық, таңу кабинеттерінен және науқастардың дем алуына арналған орындардан, асханаларда және қосымша бөлмелерден тұрады.


Емдеу қорғау тәртібін ұйымдастарудың негізгі мақсаты ауруханада жатқан науқастадың тыныштығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болып табылады. Аурухана ішіндегі тәртіп науқастарды уақытында тамақтандыруға және санитарлық гигиеналық тазалықты ұстауға, емдік шараларды дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізеді. Әр бөлімшеде күн тәртібі ілініп тұрады, онда науқастың қай уақытта оянып, қай уақытта ұйықтауы және гигиеналық процедуралардың, тамақтанудың, бөлмені тазалап, желдетудің, диагностикалық кабинеттердің және науқастардың туыстарымен кездесу уақыттары жазылып тұрады. Осы жұмыстардың уақытында жасалуын қадағалайтын әр бөлімшеде мейірбикелер болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет