1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Борпылдақ дәнекер ұлпасы, құрылысы, қызметі



бет48/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
36. Борпылдақ дәнекер ұлпасы, құрылысы, қызметі.

Борпылдақ ұлпа (textus laxus; лат. textus — ұлпа; laxus - борпылдақ) - адам мен жануарлар организмдері көптеген мүшелерінің құрамында кездесетін, денеде ең көп тараған дәнекерұлпасы. Борпылдақ ұлпа — жасушалардан (фибробластоциттер, макрофагоциттер және т.б.) және жасушааралық заттан (коллаген, эластин, ретикулин талшықтары, пішінсіз — аморфты негізгі зат) тұрады. Фибробластоциттер — борпылдақ ұлпасы жасушааралық затының негізін құрайтын талшықтарды түзеді, ал макрофагоциттер немесе гистиоциттер (моноцитгер туындысы) — қорғаныс қызметін атқарады. Борпылдақ ұлпада бұлардан басқа адвентициальды жасушалар, плазмоциттер, ұлпа базофилдері (шырлы жасушалар немесе лаброциттер),адифоциттер (липоциттер немесе май жасушалары), лимфоциттер болады. Борпылдақ ұлпаның жасушааралық затына: коллаген және ретикулин талшықтары (беріктік қызмет атқарады) мен эластин талшықтары (серпімділік қасиеттер береді) жатады. Ал аморфты зат — борпылдақ ұлпаның бірыңгай негізін құрайтын пішінсіз зат. Борпылдақ ұлпадағы зат алмасу процесін — ұлпа сұйығы іс жүзіне асырады. Ол борпылдақ ұлпа арқылы үздіксіз ағып жатады және тұрақты қозғалыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет