1. Комп\к желі тур түсінік. Желі тип\і. Нег топология\р Компьютерлік желі



бет9/11
Дата10.12.2023
өлшемі215,63 Kb.
#135966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
IP-адрес – Интернеттегі IP-интерфейстің 32 битті ерекше идентификатороры. IP-адрес нүктемен бөлінген ондық сандардан құрылған октеттер түрінде жазылады.
IP адрестің форматтары

Екілік

Ондық

11000000.10100000.00000001.00101101
10100000.01010001.00000101.10000011

192.168.1.45
160.81.5.131

Интернетте адрестерді таратуға және тағайындауға InterNIC (Internet Information Centre – Интернеттің желілік ақпараттық орталығы) жауап береді. .
IP адрестердің жіктелуі

А класы

0













0-127

Х

Х

Х

желі

түйін




Желілік бөліктің өлшемі – 8 бит, яғни, А класына жататын 27-1=126 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 224-2=16777214-ті құрайды. Адрестердің бұл класы желідегі түйіндердің үлкен санын қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, бұл адрестер көбінесе желісі түйіндердің тым көп санынан тұратын ұйымдарға, үлкен мекемелерге беріледі,мұнда желілер саны аз,ал әр желіде бірнеше мың компьютер болады.

В класы

10













128-191

N

Х

Х

желі

түйін




Желілік бөліктің өлшемі – 14 бит, яғни, В класына жататын 214=16384 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 216-2=65534-ті құрайды Адрестердің бұл класын алу қиынға түскенімен, ол орта және үлкен желілерге арналған.

С класы

110













192-223

N

N

Х

желі

түйін



Желілік бөліктің өлшемі– 21 бит, яғни, С класына жататын 221= 2097152 желіні адрестеуге болады, әрбір желінің адрестік кеңістігі 28-2=254. Адрестердің бұл класы түйіндер саны аз кішігірім желілерге арналған.

D класы

1110













224+

Х

Х

Х

желі

Түйіндердің логикалық тобы




D класы кең таралатын хабарламаларға қолданылады. Бұл кластың адресінің бірінші октетінің үлкен биттері үнемі 1110-ға тең, ол бұл адрестің D класына жататындығын анықтауға мүмкіндік береді.



Е класы

1111













240>

Х

Х

Х

желі







Е класы болашақ қолданушылар үшін сақталған адрестердің экспериментальды класы. Бұл кластың адрестеріндегі үлкен биттер 1111-ге тең.





9.IP маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Динамикалық маршрутизация.
Бағыттауыш – деректерді адресат түйініне немесе аралық бағыттауышқа жіберу процесі.Бағыттауыш бағыт кестесіне нег-н, бұл – сегменттердің IP адрестері мен бағыттауыш интерфейстерінің IP адрестері арасындағы сәйкестікті сақтайтын деректер қоры. Қандай да бір түйін арқылы деректер өткенде, бағыттауыш бағыт кестесін тексереді. Егер берілген түйін -адресат (немесе желілік сегмент) кестеде көрсетілмеген болса, онда деректер бірден көмейге жөнелтіледі. Егер түйін-адресат табылса, деректер адресатқа жіберіледі. Егер түйін-адресат табылмаса, жіберуші түйінге қателік туғандығы туралы хабарлама жіберіледі. Бағыттауыш процесінің мысалы(Қарапайым бағыттауыш):

Бағыттауыш кестесінің екі түрі бар: статикалық және динамикалық. Жүйелік администраторлар статикалық бағыттауыш кестесін қолдан құрып және жаңартып отырулары керек, себебі кестелер нақты араласусыз өзгермейді. Динамикалық бағыттауыш кестелері бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде құрылып, қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш– IP-дің ішкі функциясы, жұмыс істеу үшін қосымша қызметтерді талап етпейді. Статикалық бағыттауыш кестесі әрбір бағыттауышта қолдан құрылады және қолдап отырылады. Статикалық бағыттауыш кестесі желілер мен көмейлер интерфейстері немесе бағыттауыштар арасындағы байланыстарды анықтайды. Статикалық бағыттауыш кестесі келесі бағандардан тұрады:
Желі адресі. Оның жергілікті адресі (0.0.0.0) мен кең тарататын адресін (255.255.255.255) қосқанда, әрбір белгілі желінің адресі.
Желі маскасы. Әрбір желі үшін қолданылатын бағыныңқы желінің маскасы.
Көмей адресі. Әрбір желі үшін енуші нүктенің IP –адресі (бағыттауыш интерфейсі).
Интерфейс. Желілік интерфейске тағайындалған IP.
Метрика. Желіге жету үшін қайталап орындалған трансляциялар саны.
6 – кестеде бағыттауыш кестесінің мысалы келтірілген.

Желі

Маска

Метрика

Интерфейс

Көмей

0.0.0.0

0.0.0.0

1

10.57.11.169

10.57.8.2

127.0.0.0

255.0.0.0

1

127.0.0.1

127.0.0.1

10.57.8.0

255.255.248.0

1

10.57.11.169

10.57.11.169

10.57.11.169

255.255.255.255

1

127.0.0.1

127.0.0.1

10.57.255.255

255.255.255.255

1

10.57.11.169

10.57.11.169

224.0.0.0

224.0.0.0

1

10.57.11.169

10.57.11.169

Статикалық бағыттауыш өз кестесінде көрсетілген желілермен ғана әрекеттесе алады.
Динамикалық бағыттауыш. Күрделі архитектуралы үлкен желілерде динамикалық бағыттауыштың статикалыққа қарағанда артықшылығы көрінеді, себебі саны көп бағыттауыш кестелерін қолдан қолдау сияқты жалықтыратын жұмыстан құтылуға мүмкіндік береді. Динамикалық бағыттауыш жағдайында желі администраторына түсетін ауыртпашылық минималды жэне көбінесе әрбір бағыттауыш үшін үнсіз тағайындалатын көмейді көрсетумен шектеледі. Барлық басқа икемдеулер және бағыттауыш кестелерін құру бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде жасалады. ТСР/ІР бағыттауышы үшін жиі қолданылатын екі хаттамалар - RІР (Routing Iformation Protocol бағытгауышты басқару хаттамасы) және ОSРF (Ореn Shortest Path First , ең қысқа жолды бірінші болып ашу).

10) ТСР хаттамасы. ТСР хаттамасының негізгі функциялары. UDP хаттамасы. Қолданбалы деңгейдің хаттамалары.
ТСР хаттамасы(Transmission Control Protocol ) бір ортақ жұйеге бірІктірілген әртүрлі комп-лік коммуникациялық желілерге қосылған хост-компьютерлердегі(түйін компьютерлердегі) процесстер жұбының арасында сенімді және тікелей қосылысты орнатуды қамтамасыз етеді. Ол транспорттық деңгейде ІР хаттамасы мен өз қосымшасының арасында орналасқан.ТСР хаттамасының негізгі функциялары
1.Деректердің негізгі берілісі. ТСР модулі деректердің үздіксіз ағындарын екі бағытта да жіберуді орындайды. Бұл ағынды ТСР октеттер ағыны ретінде қарастырады. Ол бұл ағынды бөліктерге (дейтграммалар) бөледі.
2.Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету. ТСР модулі деректерді бұзылудан, жоғалып кетуден, қайталанудан және деректердІң кезегінің бұзылуынан қорғайды. Ол үшін барлық октеттер өсу ретімен нөмірленеді. Әрбір сегменттің такырыбы ондағы октеттер санынан және бірінші октеттің реттік нөмірінен тұрады.
3.Арналарды бөлу. ТСР хаттамасы бір уақыт мезетінде бірнеше қосылыстың жүмыс істеуін қамтамасыз стеді. Сондықтан ТСР-сегменттің тақырыбында порт нөмірі бар. Интернеттің кең тараған барлық кызмеітерінің порттарының стандартты нөмірлері болады. Мысалы, электрондық поштаның портының нөмірі - 25, ҒТР - 21 және т.б. ІР-адрес пен порт нөмірінің жиынтығын сокет деп атайды.
4.Қосылыстарды басқару. Қосылыс - деректер ағындарының жағдайы, оның ішінде, сокеттер, жіберілген және қабылданған октеттердің нөмірлері, терезелер өлшемдері туралы ақпараттар жиынтығы. ТСР хаттамасының көмегімен партнерлер(ә компьютер) арасындағы әрекеттесулер 3 кезеңнен тұрады: 1.Логикалық қосылысты орнату 2.Деректермен алмасу 3.Қосылысты жабу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет