№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№27 КРЕАТИВТІЛІК-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫСЫ



Pdf көрінісі
бет22/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
№27 КРЕАТИВТІЛІК-ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТІҢ ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫСЫ 
ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруді 
технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы 
оқушының шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін 
арттыруға көмектеседі. 
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу 
арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға 
бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», 
«білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы 
мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан 
заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге 
асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге 
қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, 
құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. «Ұстаз 
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және 
аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, қорқыныш пен жасқану 
дегенді білмейтін ержүрек болуы тиіс». 
Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін «Мәдениеті жоғары 
адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең 
меңгерген, жеке тұлғаға бағыттылған педагогикалық әдістерді қолдана 
алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол 
болуы тиіс. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен 
әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін, жаңа формацияның педагогы қажет», 
– деген еді [1]. 
Қазіргі мұғалім: 
• 
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын


• 
Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш; 
• 
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 
• 
Оқушымен ортақ тіл табыса алатын; 
• 
Білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның 
білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, 
инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Белгілі бір саладағы 
құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен 
қаруланған, қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді 
әрекет ете алатын адам деп есептеуге болады. Кәсіби құзіреттілік деп 
педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық 
және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің 
бір арнада тоғысуы деуге болады [2]. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, 
киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан 
шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін 
ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен 
дағдыларды қолдануды қажет етеді. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын 
арттыру жолдарын қарастыратын болсам, қазақ тілі сабағында түрлі 
дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар 
колданамын. Қазіргі педагогикалық технология талаптары оқушыға білім 
берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі 
дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, 
мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді. Мысалы, «Сын тұрғысынан 
ойлау» стратегиясына тоқтала кетсем, сабақ барысында «кубизм» 
стратегиясын, «анықтау» стратегиясын, «сәйкестендіру», «суреттеу», 
«топтастыру» 
стратегияларын 
қолдану 
оқушылардың 
сабаққа 
қызығушылықтарын арттырады. «Бестармақ» тәсілі арқылы «Уақыт» сөзіне 
«бесжолды өлең» құрастырып жазады. Тағы бір тиімді, әрі ұтымды әдіс, ол 
оқылым мәтініндегі автор көзқарасына өз пікірлерін «Попс формуласы» 
арқылы дәлелдеп жазу. Мысалы, 1-сөйлем: «Менің ойымша, …», 2-сөйлем: 
«Мен оны былай түсінемін: …», 3-сөйлем: «Оны мына деректермен
мысалдармен дәлелдей аламын: …». Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты 
мен мынадай қорытынды шешімге келдім:…». Оқушыларды оқытуда 
негізінен өз басым сын тұрғысынан ойлау технологиясының пайдасы көп 
деп ойлаймын. Өйткені өзім әр сабағымда осы технологияның элементтерін 
пайдаланып отырамын. Осы технологияны қолдану нәтижесінде: 
• 
Нәтижесінде тапсырмалардың түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз 
идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; белгісізге қарай табысты 
түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына 
құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай 
білім негіздерімен қаруландырады. 
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет