1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет17/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Метафизика (Бірінші философия) - Болмыс туралы ілім. Аристотель дуалист: ол дербес екі түпнегіздің - материя және форманың тіршілігін мойындайды. Дүниеде бар заттың барлығы материядан және формадан тұрады. Бірақ олардан Алғашқы материяны және Алғашқы форманы ажырату қажет. Алғашқы материя - адам үшін танылмайтын, ал бірақ барлық заттардағы материя үшін негіз болып табылатын, формасыз айқын емес зат. Жеке алғанда материя пассивті, тіршіліксіз және нәрселер мен заттарды жаратуға қабілетсіз. Ол мәңгі: жаратылмайды және жойылмайды. Материя дегеніміз заттар пайда болуындағы таза мүмкіндік (потенция). Материя - кездейсоқтықтың, жиынтықтың, заттар пайда болуы мен жойылуының қайнары. Пайда болған кез келген зат - материя мен форманың бірігуі, форманың материяға енуі нәтижесінде ғана тіршілікке ие болады.
Аристотельдің «форма» ұғымы Платонның «идея» ұғымына жақын. Форма - заттың тегін немесе түрін айқындайтын идеалды мән (бірақ индивидуалды емес). Мысалы, мыстың бөлшегіне форма енгенде ғана біз құмыра, көзе, ыдыс т.б. аламыз. Форма - біртекті нәрселердің жалпыға ортақ мәні (мысалы, түрлі материалдардан түрлі конфигурацияда жасалған вазаларға - «ваза» мәні ортақ).
Нақты заттың материясы мен формасы диалектикалық түрде өзара байланысты: бірде форма ретінде көрінген нәрсе, келесіде материя түрінде де беріледі. Мысалы, балшық дегеніміз - форма берілген материя немесе балшық формасы (мәні) берілген топырақ. Ал сол балшықтан жасалатын кірпіш үшін ол материал рөлін атқарады. Өз кезегінде кірпіш те өзінен соғылатын үй үшін материал рөлін атқарады, кез келген заттың формасы дәл осы зат үшін:
оның мәні; қозғалыс көзі; себебі; мақсаты - болып табылады.
Алғашқы форма - Аристотель пікірінше, болмыстың жоғарғы мәні, алғашқықозғаушы, алғашқысебеп және жоғарғы мақсат. Сонымен қатар алғашқыформа - өзін-өзі ойлай алатын Әлемдік ақыл.
Гносеологиясы. Білімге ұмтылыс адамдармен қатар жануарлардың да туа бітті қасиеті. Болмыс пен ойлаудың формалары ұқсас болғандықтан, адам дүниені танып білуге қабілетті. Таным процесі, Аристотель пікірінше, төрт сатыдан тұрады.
Таным сатылары



Таным сатылары

Таным нәрсесі

1

Жекелеген заттар мен олардың қасиеттерін сезімдік қабылдау

Жекелеген нақты заттар

2

Тәжірибе - бір нәрсе туралы еске түскен бірнеше естелік

Жекелеген нақты заттардың жиынтығы

3

Өнер (технэ)-заттар жиынтығының мәні туралы білім

Заттар жиынтығына тән жалпылық, олардың себебі мен мақсаты, яғни формасы

4

Философия(ғылым)-ең жоғарғысы «бірінші философия», яғни, метафизика болып табылады

Бүкіл тіршілік пен мәннің жоғарғы формалары, алғашқы себептері және жоғарғы мақсаттары

 
Аристотель философиясындағы жан мәселесі
Ежелгі дүниедегі ой дамуына сәйкес адам жаны туралы түсінік сияқты Аристотель сананың мекені, жанның тұрағы - жүрек (жүйке жүйесі емес!) деп есептеді.
Аристотель жанның үш деңгейін жіктейді:
1) өсімтал жан;
2) жануар жан;
3) ақылды жан.
Жан-сана көрінісі ғана емес, организм қызметін де басқарады. Өсімтал жан - жанның өсу, көбею, азықтану саласына жауап бергені сияқты, жануарлық жан соларға қоса тілектер мен сезімдерге жауап береді. Тек ақылды (адамдық) жан ғана аталған салалармен қоса ойлау функциясын басқарады. Дәл осы қасиеті адамды қоршаған дүниеден биіктетеді.
Аристотель адам мәселесін материалистік тұрғыдан қарастырады:
1) адам - биологиялық мәні бойынша жоғары ұйымдасқан жануар түріне жатады;
2) жануарлардан ойлауымен, сөйлеуімен ерекшеленеді;
3) өзі сияқтылармен бірге (коллективте) тіршілік етуге бейімділігі бар;
4) дәл осы қасиеті - коллективте тіршілік ету - қоғамның пайда болуына жеткізді. Қоғам - бір территорияда тұратын, мәдениеті, туысқандық байланыстары ортақ, материалды игіліктерді өндірумен, бөлумен айналысатын адамдардың үлкен коллективі;
5) қоғам механизмдерін жүйелеу (ішкі тәртіпті сақтау, экономиканы өркендету, сыртқы жаудан қорғану, т.б.) - мемлекеттің міндеті болуға тиіс.
Аристотель мемлекетті 6 түрге жіктейді:
1) монархия; 
2) тирания;
3) аристократия;
4) ұшқары олигархия
5) охлократия (тобырдың билігі, ұшқары демократия);
6) полития (шектеулі олигархия мен шектеулі демократияның қосындысы).
Аристотельдің мемлекет идеалы. Платон сияқты Аристотель де мемлекетті «нашар» (тирания, ұшқары олигархия, охлократия) және «жағымды» (монархия, аристократия, полития) деп екіге жіктейді. Мемлекеттің жетілген формасы ретінде политияны (шектеулі олигархия мен шектеулі демократияның қосындысы) - «орта таптың» мемлекетін атайды.
Ежелгі грек философиясының соңғы кезеңдерінде пайда болған мектептер



Мектеп, бағыт

Өкілдері

1

Эпикурлік мектеп

Эпикур, Метродор, Гермарх, Лукреций Кар

2

Киниктер мектебі

Антисфен, Диоген

3

Стоялықтар мектебі

Зенон, Клеанф, Хриссипп, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий

4

Скептиктер мектебі

Пиррон, Секст Эмпирик, Энесидем

5

Эклектиктер мектебі

Филон, Антиох, Боэций, Посидоний, Цицерон

6

Неоплатондық мектеп

Саккас, Плотин, Порфирий, Ямвлих, Прокл



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет