1 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері



бет2/9
Дата31.03.2023
өлшемі67,24 Kb.
#78112
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
астана уни

Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеті: Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу және педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру;
- Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу және оның педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру.
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның мазмұнын ашу;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру;
- Тірі табиғат бұрышындағы еңбек және оған балаларды жұмылдыру;
- Тәжірибе үлескісіндегі еңбек және оған балаларды қамту;
- Табиғатқа топсаяхат пен серуен кезіндегі еңбек түрлері және оны ұйымдастыру.
Зертттеудің пәні: Дүниетануды оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Зерттеудің обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі.


1 Балабақша жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу
түрлері және педагогикалық ерекшеліктері

    1. Балабақша жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу

және оның педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың іс - әрекетінің бір түрі - еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмұны мен оған қойылатып талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Мәселен, ересектер тобындағы балаларға эстетикалық тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:
- үлкендер еңбегіне ынта - ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсімдігінен эстетикалық ләззат алу;
- асқа, шайға өздігінен дастарқан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару;
- топ бөлмесінде, ойыншықтар бұрышында, өз үйінде тазалық сақтау, заттарды үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;
- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
Мектепке даярлық тобындагы балалар еңбегін ұйымдастыруға қойыла-тын бағдарламалық талаптар:
- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;
- өздігінен дастарқан әзірлеумен бірге, оны жинауға көмектесу, тазалық сақтауға дағдыландыру;
- көркемдік сабақтарға (он, бейнелеу өнері) арналған ойыншықтар мен құралдардың әрдайым ретті, әрі таза болуын қадағалау;
- үлкендердің көмегімен балабақша ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.
Бұл міндеттер ертегі, жұмбақ мақал – мәтелдерді орынды, жүйелі пайдаланса мақсатына жетіп, балалардын еңбек әрекеті барысында эстетикалық тәрбие жүйесі қалыптасады.
Мысалы: «Түлкі мен торғай», «Қотыр торғай», «Жеті өнерпаз», «Жігіт пен өнерлі қыз», «Аяз би», «Көрқула атты Кендебай», «Кун астындағы Күнекей қыз» т.б. ертегілер мен «Еңбексіз өмір — сөнген көмір. «Ердің атын еңбек шығарады», «Еңбек түбі береке», «Енбексіз іс біттейлі», «Еңбектің наны ләтті», «Еріншек - екі істейді», «Жұмыстың жаманы жоқ» т.б. мақал – мәтелдерді еңбекке деген эстетикалық көзқарас қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады. Ертегіні кейіптендіру үшін оған қажетті құралдар мен қуыршақтарды қол еңбегінде даярлайды.
Балабақшада балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді қолданылған фольклор жанрлары балалардың еңбекке деген эстетикалық қызығушылығы мен талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қаскеттерін дамытады.
Балаларды еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететінің зерек, ұқыпты, білімді болу әркімнің өзіне байланысты екенін ұғындыру мақсатын көздеген бұл сабақта осыған дейінгі алған білімдерінің деңгейін сұрау арқылы бақылап, байланыстыра сөйлеуге ептілікке баулу іске асырылады. Сабаққа орман көрінісі, «Балапан» бейнесі, «Менің аулам» қорапшадағы көрініс көрнеліктер ретінде пайдаланылады.
Егер еңбекті сүйсең, жалқау болмай, айтқан тілді алсаң, көп оқысаң, білімді, зерек болсақ бәрін үйренуге болады ғой балалар. Мен сендерге «Жалқау балапан» әңгімесін айтып беремін. Оның аянышты халіне кім кінәлі екенін соңында айтасыңдар.
Халқымызда «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал бар. Сол сияқты ерінбей, жалқауланбай еңбек еткеннің қарны тоқ, көйлегі көк болатынын сендер білесіңдер. Сонымен қатар адамның қалай өмір сүруі тек өзіне байланысты екенін түсінген боларсыңдар.
Балалардың еңбек тәрбиесі балабақшада, кәсіптік-техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек; топтан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне -өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы жөне өнімді еңбек.
Оқу барысындагы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда балалар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтарың барысында балалар жалпы және техникалақ білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында балалар алған өмір төжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру балалардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Балалардың өндірістік бригада базасында, балалардың еңбек және демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Балалар балабақшада алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылармен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді.
Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша балалардың білімі байымды, тереңдейді ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп еңбекк дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық, тиімділігі, олардың білім жәие тәрбие беруі мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзак, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдыңт кемелдслуін талап ететін сң ауыр еңбек екенін К.Д. Ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, балаларға әрдайым коріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеітері еңбек пәні са-бақтарында шешіледі. Балабақшаға дейінгі балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, балабақша жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Ортаңғы топтарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер бөлігіндегі, оқу шеберханасындғы еңбек, жоғары топтардағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылық практикумдағы балаларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір жолын қалыптастыруға икемдейді.
Балабақшадан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.
«Жас натуралистер», «Жас техниктер», «Жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар балаларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір баланың үйірме сабақтарында еңбекке шыгармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.
Балабақшаті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы: село балабақшадарінде «Жас механизаторлар», «Жас малшылар», «Жас өсімдік өсірушілер», т.б. үйірмелер құрылған. Бүл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда балаларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сүйтіп, өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай тәрбиешідер мен ата-ана-лар баланарға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.
Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Балалар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. Мүндай жаппай жұмыстарға «Құстар күні», «Орман күні», «Бақ аптасы», «Еңбек мерекесі», т. б. жатады.
Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырын, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бүл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Балабақша жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, топ бөлмесін, балабақша үйін жөндеу, топтарды, коридорларды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, балабақша үйлерін жинау т.б.
Үйелменде өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, өтіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады.
Балабақша және үйелмен алдындағы басты міндет бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әртүрлі түрмыстық еңбекті орындаудың барысында балалар арасында байқалатын ақ саусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру мүғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен мүшесінің адамгершілік борышы.
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, балабақша жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жүмыстың тәрбиелік мәні өте зор: Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында балалардың ғылыми дүние танымы дамиды. Мамандықты тануда көзқарасы кеңиді, дансаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени- адамгершілік үғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жүмыстың балабақша өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады.
Халық қоныс тепкен жерлерді, балабақшадарді абаттандыру,
кешелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақ-
тау, табиғатгы күту және қорғау.
Мәдени-ағарту жұмысы балаларды белсенділікке, орын-
дағыштыққа, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметгік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді. Әсіресе ауыл балабақшадарінің
жоғары топ балалары жұртшылық арасынца үкіметтің қаулы-
қарарларын насихаттайды.
Кұралдарды мезгіл-мезгіл тексеруді және қайрлуды тәрбиешінің өзі басқарып отырады. Пышак қайшыдан горі тез мұқалып, өтпей калады. Пышақтыдң жүзі шарыққа ұсталып, жұмсақ қайраққа жанылады. Тәрбиеші балаларға құралдарды былай қайрайды деп ауызша айтқанша, өзі кайрап көрсеткені жөн.
Шаруашылық инвестарьларына кұралдар жәнс крахмалдан, ұннан істелінетін желімдерді қайнататын ыдыстар жатады.
Матамен және талшықпен, материалдармен жұмыс істеуді бастамас бұрын, балаларға матаның түрлері, оның қалай токылатыны және тоқуда қандай құралдар пайдаланылатыны жайлы кысқаша түсінік беріледі. Олар матакың түрлерімен танысады. Тәрбиеші матаның түрлерін айтады. Мысалы, жүннен, жібектен, жасанды вискоздап токылатын, өсімдіктерден жасалатын маталар айтылады. Осы аталған маталардың өзі бірнеше түрге бөлінетінін түсіндіріп кету ксрск. Мысалы, жартылай жібектеп, жартылап мактадан жартылй кендірден токылган маталар болатыиын айтады. Бұдан соң балаларды матаның құрылысымен таныстырады. Жіптердің тоқылуына қарай матаның құрылысы да әр түрлі болып кслсді. Фабрикада маталар жіптері бойлама және көлденең етіп тоқылады. Маталар тоқылу сапасына қарай бір кабат, екі қабат, қылшыкты болып бөлінеді. Мата тоқудың ең қарапайым тәсілі ретінде ауылдағы өрмек құрып, алаша токуды айтады. Матаның түрлерімеп және олардың құрылысымен таныстырып болған еоң, балаларды матсриалдың өзімен тікелей таныстырады, ол үшін мүғалімде түрлі маталардың күні бұрын дайындалып қойған қиындылары болуға тиіс. Балалар оны қолдарымен үстап көрулеріне болады. Матадан әр түрлі киім-кешек тігу үшін балаларда ине, жіп, қайшы, оймақ, сызгыш, сантиметрлік лента болуы тиіс. Осы күралдарды қалай пайдалану және күту керектігі түсіндіріледі. Маталардың негізгі пайдаланылатын жерлері, киім тігу, тұрмыс бұйымдары, маталардың жіптерінің орналасуы, опын тоқылуы жөнінде қыскаша түсінік беру; тігу, торлау жөнінде, кесте тігетін, жуан, жіңішке жіптер жөнінде мәліметтер беру керек. Балаларға үлгі бойыншл тік бұрышты етіп піше білуді, матаны белгілеуді, үлгінің контурын жургізуді, жіи суыруды үйрету қажет
Содан соң сызықтардыц қиылысу нүктесі нольмен белгіленеді. Берілген сызықты өлшеу үшін балаларды бөліктерді өлшей білуге дагдыландыру керек. Міне, мұның бәрі дұрыс формалы емес материалды белгілеу тәртібі.
Модельдеу жұмысындағы маңызды момент жұмыс орынын дұрыс уйымдастыру болып табылады. Жұмыс орны өңделетін материалға қарай түрліше жабдықталады. Қағазды өңдеу жұмысына жұмыс орнын былай дайындайды: қарындаш, сызғыш, қайшы, пышақ, қылқалам, желім, қағаз, шүберек, осылардың бәрі парта үстіне қойылатын қосымша тақтайға ретімен орналастырылады. Түрлі материалдарды өңдеу үшін, жоғарыда аталған аспаптармен қоса, отвёртка, гайка, бұрайтын. кілт, біз болуы тиіс. «Конструктор» наборынан модель жасау керек болса, модельге қажетті бөлшектер ғана алынады. Тәрбиеші балалардың жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастырудың жалпы талаптарымен топтастырады: устелді қалай дайындау, артық нәрсслсрді алып тастап, қажетті аспаптарды алу, олардың акауы жоқтығып тсксеру, оң қолға ұстайтынды оң жаққа, сол колға ұстайтыпды сол жаққа қоюды алғашқы күннен үйретеді. Сонымеи қатар аспаптарды күту тәртібін, материалды үнемдей білуге, жұмыс кезінде жұмыс орнының ретті, таза болуыи қадағалау; жүмыстан соң жұмыс орнын жинащ аспаптарды тиісті орындарына қоюға дағдыландырады. Еңбек барысы жоспарланып, жүмыс орны реттелген соң? балалар практикалық жүмыс істеуге кіріседі. Балалар модель бөлшектерін дайын үлгі бойынша белгілейді. Модельдің жақсы болуы белгіленудің дұрыс және дәл болуына байланысты болады. Белгілеу кезінде белғі сызығыпың болар-болмас қате белгіленуген модель іске аспай калуы мүмкін. Сондықтан да, белгілеп болғаи соң, белгі сызығының дұрыс сызылғанын басқа әдіспен тағы да тексеріп алу керек. Балалар белгілеу кезінде қарындаш, үлгі, сызғыш, рейсмус, бүктелетін метр, циркуль сияқты аспап-тарды пайдаланады. Қарындашты жұмыстың түріне карай дұрыс таңдап алу, оның жақсы ұшталуы қажет. Қағазды және картонды белгілеу үшіп таңдап алынған қарындаштың қаттылығы орташа, ал ағаш материалын белгілейтін.
Осы операциялар қағаз, картон, мата, ағаш, металды «егеу кезінде жиі қолданылады. Бұл операциялар тігін өндірісінде де көп тараған. Ал бүктеу әдісімеін кағаздан, картонан түрлі бұйымдар жасалады. Мысалы, кітап, қорап, ойыншықтар, дәптер, абажур, т.б. Балалар қағазбен, картонмен жұмыс істегенде алдымеи бүктеу, қаттау операцияларын меңгереді.
Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.
Еңбек арқылы адамның денесі , көзқарасы, эстетиксілық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.
Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды.
Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сүлулығын еңбекте ғана корсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас үрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзегті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнері тамған» нақты кәсіп иесі болуын да көз деді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретіндс алынды.
Еңбек, адамның еңбекке қатынасы тақырыптары аңыз әңгімслср, сртегілер, мақал-мәтелдер және ән-жырлардың арқауы болды.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу көз қарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.
Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани қүндылықты жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Неғүрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе,соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі – әр азаматтың өмірде оз орнында толық күш жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамныд өмір салтының алғы шарты болып табылады.Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие институттарының негізгісі – жалпы орта білім беретін политехникалық еңбек мектебі. Балабақшада еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдарларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады: Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Балабақшада еңбекке төрбиелеудің басты міндетіері: біріншіден, еңбек сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, баланарды халық шаруашылығының салаларыңдағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс- әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамаңдықты таңдауға дайындау.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы. міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: балалардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, балалардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық түрғыдан дайындау – бұл қоғам үшін балалардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімсн, оз, еркімен ынталануын орындауға үирсту бұл оте күрделі процесс мұнда балалардың әдеті, сезімі калыптасады. Мысалы, балалар адамдарды табысты еңбегіне масаттанады нсмссе адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жек кореді, керек десе олармсн күресуге де даяр тұрады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымеи жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық техникалық базаасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізнде әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субъективтік фактор – адамның еңбектің маңызына терең түсінуі және ішкі сезімнің әмірімен озінің борышын орындауы.
Еңбек етуге әдеттену – бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,- деді
Н.К.Крупская, – демек өз күшінді және басқалардың күшін және жүмыстың барлық жағдайын есептей білу.
Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды 1-топтан. ал үйелменде балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне катыстыра отырып, еңбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.
Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі балаларды еңбекке психологаялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерін шешуге бағытталуы қажет.
Балалардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдық өмірде тәртіп және мінез-құлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасады. Еңбекте достық, жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады.
Осылардың барлығы ұжымдық топ өмірінде, балалардың өндірістік бригадаларында байқалады. Егер ұжымдық еңбектің дағдылары баланың бойында қалыптасса, ол балабақшаті бітіргеннен кейін қандайда бір жагдайда болмасын ұжымдық қатынаста нормаларын және жолдастық өзара көмекті әр уақытта қолдайда.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек кұралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне өзін көрсетс дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың нсгізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, электрониканы, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жүмысының барысында балалардың ынтасын ғылыми- техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.
Міне, осылай мақсатқа бағытталып жүргізілетін балалардың ынтасының қабілетінің, шығармашылық ой өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды, еңбектің тербиелік құндылығы артады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет