2 Балабақша жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі 2.1 Балабақша жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі ретіндегі еңбек жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды орынау үстінде еңбектің дамыған формаларына тән кейбір психологиялық қасиеттер қалыптасады. Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін коғамдык мотивтерге бағындыра білу, бұл іс-ірекеттіқ басқа адамдарға келтіретін иайдасын басшылықка алу болып табылады. Нәтижесіндс мектепке дейінгі шақтағы бала оқу әрекетінің элементтерін игереді. Әр түрлі дәрежедегі үйрену балалардың кез келген іс-әрекетінін құрамына енеді. Бірақ баланың өзі үшін оқу ерекше іс-әрекет болып, оқу міндеті — қандай да болмасын бір жаңалыққа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндеттерінің бөлініп шығуы мектепке дейінгі балалық шақтын соңына қарай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің нұскауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықлас, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.
Тірі табиғат бұрышындағы күзгі жұмыстар. Тірі табиғат бұрышында бар, өсіру және күту жағынан неғұрлым қарапайым бөлме өсімдіктерінің сыртқы түрлерімен және аттарымен танысу. Олардың жағдайын, өсіп-өнуін, гүлденуін бақылау, гүл өсірілетін жерден алынған сәндік гүл өсімдіктерін бақылау. Бөлме өсімдіктерін күту: су құю, қыш құмыраларға күтім жасау, топырақтың бетін қопсыту, жапырақтарды жауып отыру, ауру және құрғақ жапырақтарды кесу, су бүрку. Тірі табиғат бұрышымен хайуанаттармен, олардың сыртқы түрімен тіршілік бейнесіне байланысты ерекшеліктерімен танысу,. Азықтандыру, күту.
Тірі табиғат бұрышындағы қысқы жұмыстар. Құстарды қорғау және қамқорлыққа алу.
Тірі табиғат бұрышындағы көктемгі жұмыстар. Өсімдіктердің тіршілігі үшін топырақтың маңызы. Топырақты дайындау; ондағы ылғалды сақтау. Овощ және гүл өсімдіктерінің тұқымдарын себуге дайындау.
Жер аудару, топырақты тегістеу, тыңайтқыштар себу, мөлдектерге бөлу, тұқымдарды себу, тәжірибе жасау.
Тірі табиғат бұрышындағы жазғы жұмыстар.