1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Некеге отыру шарты: 1) Тұлғалардың өзара келісімі



бет32/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63

Некеге отыру шарты:

1) Тұлғалардың өзара келісімі

2) Неке жасы. Неке жасы 18 жас болып белгіленеді.

2. Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарыңын ерекшеліктері.. Отбасылық құқықтық қатынастарда құқық пен моральдың арасында тығыз байланыс болады. Бұны ерлі-зайыптылардың жеке қатынастарын реттеудегі отбасы заңының нормаларын қолдану процессінде ескеру маңызды.

Жеке құқытық қатынастар – бұл ерлі-зайыптылардың тегін таңдау кезінде, некеге некеге тұру мен оны бұзу кезінде, отбасы өмірінің барлық сұрақтарын бірге шешу кезінде, тұрғылықты жерді, кәсібін еркін таңдау кезінде, бала асырауға келісім беру кезінде пайда болатын құқықтық қатынастар. Мүліктік қатынастарға ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі, сондай-ақ олардың бір-бірін асырауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастары.

Ерлі-зайыптыларға ортақ мүліктер жеке және ортақ деп бөлінеді.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын үш топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа бір-бірімен кез-келген мәмілелер, соның ішінде келісім-шарттар (автокөлік сатып алу және сату, сыйға тарту, мұраға қалтыру т:б) жасай алу құқығы жатады. Бұл қатынастар ерлі-зайыптылар тең, ешқандай шектеулердің болуы мүмкін емес.

Екінші топқа отбасы иелігіндегі ерлі-зайыптылардың заттар мен құнды заттарға құқығына байланысты мүлікті қатынастары жатады: еңбек ақы, үй-жай, жеке қолданудағы және жайлылыққа қажетті мүліктер; автокөлік, жинақған қаржылар.

Үшінші топқа қажет болған жағдайда өзара көмек ретіндегі (алименттер) ерлі-зайыптылардың мүліктік міндеттемелері жатады.

Ерлі-зайыптыларға тиселі мүліктер ортақ меншік және жеке меншіктегі мүліктер деп бөлінеді.

Ерлі-зайыптылардың жеке мүлкі дегеніміз олардың әрқайсысына жеке тиселі мүліктер. Ері мен әйелінің бір-бірінің келісімінен тәуелсіз жеке мүлікті иелену, пайдалану құқығы болады.

Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ мүлкіне бекітілген тәртіпте тіркелген, неке кезінде ерлі-зайыптылармен жиналған мүліктер жатады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне олардың қарыздары кірмейді. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қарызы олардың өздерінің үлестерімен жабылады.


Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-ана құқықтары) тең болады. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет