Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. «Педагогмәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ Заңының 7- бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде «Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың,
бастауыш,
негізгі орта,
жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын өз еркімен таңдайды.