1. негізгі қҰралдарды жіктеу


Негізгі құралдарды түгендеу



бет12/14
Дата07.01.2022
өлшемі65,9 Kb.
#18406
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Негізгі құралдарды түгендеу. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субьекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгендеу жүргізіп отырады.

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын обьектілерді үш жылда 1 рет түгендеу жүргізіледі.

Мүліктік түгендеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы, техникалық жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алумен қатар бухгалтерлік есепке алу, мәліметтермен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар-жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал-жабдықтарды мүліктік түгендеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгендеу біткеннен кейін субьектінің бухгалтериясына өткізіледі. Тізімдімеде обьектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары берілуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақтауға немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа құжаттардың нақты бар-жоғы және заңдылығы тексеріледі.

Мүліктік түгендеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар-жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттар мен басқа техникалық құжаттардың бар-жоғын және оларда қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттарын тексеру қажет. Егер де құжаттары жоқ болса, оларды алдыртуды және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігін тексереді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу кезінде комиссия міндетті түрде обьектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгендеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткіштерін мүліктік тізімдеріне енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгендеу кезінде, көрсетілген обьектілердің субьектіге тиісті екендігін растайтын құжаттардың бар-жоғын тексереді.

Сондай-ақ, субьектінің пайдалануындағы жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.

Есепке алынбаған обьектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгендеу тізіміне және мүліктік түгендеу карточкаларына осы обьектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштері енгізілуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша – олардың қандай материалдардан (қандай мақсатқа пайдаланылатын) салынғанын және сол материалдардың көлемін (іштей және сырттай өлшеу арқылы), көлемі (жалпы, пайдалы көлемін),қабаттар саны, салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені, жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін бекіту материалдары; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша – жолдардың түрлері (шоссе, арнайы), қашықтығы, төселген материалдар, долдың ені, т.б. көрсетіледі.

Есепке алынбаған обьектілерді мүліктік түгендеу кезінде бағалау әрекет етіп тұрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.

Есепке алынбаған обьектілердің қашан салынғанын немесе алынғанын, жасалған шығындардың қаржыландырылған көзін мүліктік түгендеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.

Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгендеу тізімдеріне тіркеледі. Егер обьект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мақсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.

Мүліктік түгендеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі құралдар кәсіпорыннан уақытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді.

Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келмейтін негізгі құрал-жабдықтар мүліктік түгендеу тізімдеріне енгізілмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет