30
Гликозамингликандар (кератинсульфат) қасаң қабықты мөлдір түске ие етеді,
егер түсі өзгеріп кетсе «бельмо» ауруы байқалады (көзді ақ басады).
Көз бұршағы , екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішіні құбылмалы.К өз
аккомациялық кезеңінде алысты жақындатып немесе керісінше, көптеген
жағдайларда пішіні өзгереді.Көз бұршағының радиусы 6-10 мм-дей, сыртқы
қалыңдығы 11-18мкм, сырты мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула астында
(алдыңғы бөлігінде) бір қабатты көз бұршағының эпителиі орын алады. Көз
бұршағының құрамында мөлдір (түссіз) белок—кристаллин болады. Көз
бұршағының гистофизиологиясын білу клиникада өте маңызды. Себебі, жасанды
көз бұршағын жасап, ауырған көзге жалғау кездері медицинада кеңінен
қолданылады (катаракта).
Шыны тәріздес дене көз бұршағымен торлы қабықтың арасында орналасқан
мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы тор тәріздес, құрамында витреин белогы
мен гиалурон қышқылы болады.Жарықты сындыру көрсеткіш d =1,33 тең.
Бұл көз алмасының өте сезімтал ішкі—
торлы қабығы. Құрамында сыртқы пигментті
және ішккі сезімтал нервтер тізбегінен тұратын қабаттары бар. Торлы қабықтың
гистологиялық құрылысы өте күрделі де, құрамы радиальды бағытта орналасқан үш
түрлі нейрондар тізбегінен тұрады. Нейрондардың бірінші түрі—
фоторецепторлы (таяқша және колба тәрізді), екіншісі—
биполярлы бірінші мен
екінші нейрондар тізбегінің арасында орналасқан, ал үшіншісі
ганглионарлы
нейрондар болып аталады. Бұлардан басқа нейрондардың тағы бірнеше
түрлері
биполярлы- горизонтальды және
амакринді нейрондар да баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: