1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1



Pdf көрінісі
бет30/64
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#83236
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Афферентті нейрондар – сенсорлық ақпараттың өңделуіне қатысатын алғашқы 
нейрондар болып табылады, олар ганглийлердер орналасқан.
Ақпараттың өңделуіне қатысатын келесі нейрон – жұлын мен сопақша ми немесе 
ортаңғы мида орналасқан.Бұл жерде таламусқа, яғни оның арнайы ядроларына қарай 
жолдар бағытталады. Ал бұл арнайы ядроларда сенсорлық ақпараттың өңделуіне 
қатысатын, көптеген талдағыштарда кездесетін – нейрон орналасқан. 
Қорыта келгенде, негізі «анализатор» яғни, «талдағыш» терминін 1909ж И.В.Павлов 
ұсынған. И.В.Павлов бойынша талдағыш – бұл сыртқы немесе ішкі ортаның 
серпіністері туралы ақпаратты өңдеуге және олар туралы көзқарастар(сезіну, 
қабылдау) алуға қатысатын мидың рецепторлары мен нейрондарының жиынтығы. 
17.Көрнекі анализатор. Көздің сынғыш құрылымдары. Торлы қабық 
фоторецепторлары. 
Көру анализаторына - перифериялық бөлік (көз алмасы), өткізгіш бөлім (көру 
нервтері, қыртыс асты көру орталықтары) және анализатордың қыртыстық бөлігі 
кіреді.
Көру мүшесі - көз рецепторлық аппаратты (торлы қабықты) және жарық сәулелерін 
шоғырландыратын және торлы қабықтағы заттардың кішірейтілген және кері түрінде 
айқын бейнесін қамтамасыз ететін оптикалық жүйені қамтиды. 
Көздің жарық сындырғыш аппараттары. Диоптрикалық немесе жарықты 
сындырғыш, көздің бұл аппараттарына: қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес 
дене, көздің алдыңғы және артқы камераларындағы сұйық жатады. 
Қасаң қабық көздің жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, 
фиброзды қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді 
қасиетке ие қабық.Қалыңдығы ортасында 0,8-0,9 мкм, ал шеткі бөлігінде 1,1 
мкм.Жарықты сындырғыш көрсеткіші 1,37, сындырғыш күші 40 
дптр.Микроскопиялық құрылысында бес қабатын ажыратуға болады.Оларға: 
алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік мембранасы 
немесе Бауменов қабығы, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік 
мембранасы мен (десцемет қабығы) артқы эпителиі жатады.Ең негізгі және 
қалың - қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында көптеген коллаген 
талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар. Талшықтар мен фибробласттар 
аморфты затта орналасқан, гликозамингликандарға да бай. 


30 
Гликозамингликандар (кератинсульфат) қасаң қабықты мөлдір түске ие етеді, 
егер түсі өзгеріп кетсе «бельмо» ауруы байқалады (көзді ақ басады). 
Көз бұршағы , екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішіні құбылмалы.К өз 
аккомациялық кезеңінде алысты жақындатып немесе керісінше, көптеген 
жағдайларда пішіні өзгереді.Көз бұршағының радиусы 6-10 мм-дей, сыртқы 
қалыңдығы 11-18мкм, сырты мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула астында 
(алдыңғы бөлігінде) бір қабатты көз бұршағының эпителиі орын алады. Көз 
бұршағының құрамында мөлдір (түссіз) белок—кристаллин болады. Көз 
бұршағының гистофизиологиясын білу клиникада өте маңызды. Себебі, жасанды 
көз бұршағын жасап, ауырған көзге жалғау кездері медицинада кеңінен 
қолданылады (катаракта). 
Шыны тәріздес дене көз бұршағымен торлы қабықтың арасында орналасқан 
мөлдір, желатин тәрізді зат. Құрылысы тор тәріздес, құрамында витреин белогы 
мен гиалурон қышқылы болады.Жарықты сындыру көрсеткіш d =1,33 тең. 
Бұл көз алмасының өте сезімтал ішкі—торлы қабығы. Құрамында сыртқы пигментті 
және ішккі сезімтал нервтер тізбегінен тұратын қабаттары бар. Торлы қабықтың 
гистологиялық құрылысы өте күрделі де, құрамы радиальды бағытта орналасқан үш 
түрлі нейрондар тізбегінен тұрады. Нейрондардың бірінші түрі—
фоторецепторлы (таяқша және колба тәрізді), екіншісі— биполярлы бірінші мен 
екінші нейрондар тізбегінің арасында орналасқан, ал үшіншісі ганглионарлы 
нейрондар болып аталады. Бұлардан басқа нейрондардың тағы бірнеше 
түрлері биполярлы- горизонтальды және амакринді нейрондар да баршылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет