1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1


Гормондардың жіктелуі, қасиеттері, түрлері, әсер ету механизмі және



Pdf көрінісі
бет62/64
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#83236
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
физиология рк 2

41.Гормондардың жіктелуі, қасиеттері, түрлері, әсер ету механизмі және 
физиологиялық функциялары. 
Гормондар жiктелуiнiң бiрнеше жолы бар. 
I. Анатомиялық жiктеу, яғни гормондарды олардың бөлiнетiн мүшелерінің атымен 
атау. Мысалы, гипоталамус гормоны (либериндер, статиндер), гипофиз гормоны 
(тропты гормондар) қалқанша безiнiң гормоны (трийодтиронин, тироксин) т.с.с. Бiрақ, 
осылай жiктеу барлық уақытта шындыққа сәйкес келе бермейдi. Себебi, кейбiр 
гормондар бiр секреция бездерiнде синтезделiп, екiншi бiр секреция бездерiнен қанға 
түседі. Мысалы: гипофиздің артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин мен окситоциннiң 
синтезi гипоталамуста жүредi. Ал, жыныс бездерінің гормондары бүйрекүсті 
бездерінде синтезделеді. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтiруге болады. 
II. Химиялық құрамына сәйкес гормондарды 3 топқа бөлуге болады: 
1. Амин қышқылдарының туындылары. Мысалы, адреналин, норадреналин, дофамин, 
тироксин – тирозиннiң, гистамин – гистидиннiң, серотонин – триптофанның 
туындылары. 
2. Табиғаты ақуыздық, пептидтiк гормондар. Инсулин – 51 амин қышқылынан тұратын 
А және В полипептид. Эндорфиндер және энкефалиндер, нейропептидтер т.с.с. 
3. Стероидтық гормондар. Бұлар холестериннен синтезделедi (кортизол, эстрадиол, 
альдостерон). 
III. Биологиялық қызметiне сәйкес: 
1. Көмiрсу, май, ақуыздардың алмасуын реттеуге қатысатын гормондар (инсулин, 
глюкагон, адреналин, кортизол, тироксин т.б.). 
2. Тұз және су алмасуына қатысатын гормондар (альдестерон, вазопрессин). 


65 
3. Кальций және фосфат алмасуына қатысатын (парагормон, кальцитонин). 
4. Көбею, бөлiну сияқты репродуктивтiк қызметке қатысатын гормондар. Эстрадиол, 
прогестерон, тестостерон. 
5. Эндокриндiк бездердегi гормондардың синтезiне және секрециясын реттеушi 
гормондар (троптық гормондар, гипоталамустың либериндерi мен статиндерi). 
6. Гормондардың синтезi жүретiн жерлердегi метаболизмдi реттеуге қатысатын 
гормондар (простогландиндер, гистамин, соматомедин, секретин гастрин т.б.). 
VI. Нысана-жасушаға сигналдарды жеткiзу механизмi бойынша: 
Орталық жүйке жүйесiнен алынған сигналдарды мембраналық рецепторлар арқылы 
жеткiзу (пептидтiк гормондар, адреналин т.б.). Жасушаға орталық жүйке жүйесiнiң 
сигналы цитоплазмалық рецепторлар арқылы жеткiзiледi. 
Гормондар деп ағзаның дамуы мен заттар алмасуының реттелуіне қатысатын және қан 
немесе лимфаға бөлінетін, безді жасушаларда түзілетін заттарды айтады. 
Оларға тән қасиеттер: 1) әсер етудің дистанттылығы; 2) биологиялық әсердің қатаң 
талғамдылығы; 3) жоғарғы биологиялық белсенділік. 
Гипоталамуста нейропептидтер 1/ нейрогормондар – либериндер, үдетушiлер; 2/ 
нейрогормондар – статиндер, тежеушiлер синтезделедi:. 
Соматостатин - өсу гормонының синтезiн тежеушi. Соматолиберин – керiсiнше 
синтездi өсiрушi, үдетушi. Кортиколиберин – кортикотроптық гормондардың синтезiн 
жылдамдатады.Гормондар қан арқылы орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді. 
Өз кезегінде ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде орталық жүйке жүйесі, оның 
аралық мида орналасқан аймағы (гипоталамус) маңызды рөл атқарады. Гипоталамус 
гипофиздің қызметін, ал гипофиз барлық ішкі секреция бездерінің әрекетін реттейді. 
Осымен байланысты бұл екі құрылымды күрделі нейроэндокриндік кешен – 
гипоталамус-гипофиз жүйеге біріктіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет