1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1



Pdf көрінісі
бет63/64
Дата15.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#83236
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
физиология рк 2

Қалқанша безі - без мойынның көмекей шеміршектерінде орналасқан. Жылқыда, 
күйістілер мен жыртқыштарда қалқан безі екеу, ал шошқа мен адамда – біреу болады. 
Бездің сыртында дәнекер ұлпадан тұратын қабы бар. Без коллоидты заттан, бас және 
күңгірт жасушалардан құралған. Қалқан безі төрт гормон бөліп шығарады: 1- тироксин 
және тетрайодтиронин; 2- трийодтиронин; 3- дийодтиронин; 4—тиреокальцитонин. 
Бұл гормондар заттар алмасудағы әсер етіп белоктар алмасуын 20-35 пайызға 
жоғарылатып, малдың жүні мен құстың қауырсынының өсуін жылдамдатып, ағзаның 
өсуі мен дамуына әсер етеді. 


66 
Қалқанша серік бездер. Қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса орналасқан 
кішкентай құрылымдар. Олар 3-4 желбезек қапшықтарынан дамиды да, балықтан 
басқа омыртқалы жануарлардың барлығында кездеседі. Без негізгі және оксифильдік 
жасушалардан құралған. Негізгі жасушалар секрециялық қызмет атқарып, гликоген 
жинақтайды.1926 жылы Коллип қалқанша серік бездерінің сығындысынан қан 
құрамындағы кальций деңгейін жоғарылататын зат бөліп, оны паратгормон деп атаған. 
1962 жылы Копп без сығындысынан екінші гормон – кальцитонинді бөлген. 
Паратгормон молекулалық массасы 9500-ге тең, үш фракциясы бар полипептид. 
Сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белоктармен, фосфаттармен 
қосылыстар түзуін тездетеді, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңілдетіп, 
қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады. Сонымен қатар, паратгормон 
бүйректе кальцийдің кері сорылуын, ішек энтероциттерінің кальцийді тасымалдауын 
жеңілдетеді.Кальцитонин табиғаты жағынан жалғыз тізбекті полипептидке жатады. 
Қан құрамындағы кальций деңгейін төмендетеді. Ол остеоциттерден қанға кальцийдің 
шайылуын бәсеңдетеді, демек оның әсері паратгормонға қарсы бағытталған. 
Айырша без (тимус). Көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың 
вентральдық бетін ала орналасқан, бір-бірімен дәнекер ұлпамен жабысқан екі бөліктен 
тұратын без. Айырша без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп дамиды да, одан 
кейін өз қызметін тоқтатып, инволюция (кері даму) процесіне ұшырайды. Бұл - әр 
түрлі қызмет атқаратын күрделі мүше. Оның ретикулярлы жасушалары тимозин 
гормонын түзеді. Айырша без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің 
қатаюын, ағзаның өсіп-жетілуін реттейді. Бұл безде лимфоциттер жіктеледі, қанның 
діңгектік жасушаларының беткейлік құрылымы өзгеріп, олар ұлпалық қорғаныс 
реакцияларында маңызды рөл атқаратын Т-лимфоциттерге айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет