1. Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы «Педагогикалық үдеріс»



бет9/10
Дата11.12.2023
өлшемі79,46 Kb.
#137150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Ргіпі-8, 2005.-430 б.30-бет

  2. (Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет, 206-бет)

  3. Ә. Мұханбетжанова Педагогиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы: ЖШС РПИК «Дәуір», 2011ж. – 368 бет, 337-бет

  4. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. - Алматы: 1998. - 320 с.

  5. Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет, 164-бет

  6. Формирование личности: проблемы комплексного подхода в процессе воспитания школьника Под ред.Г.Н.Филонова.-М. :Педагогика, 1983 .- 256с.



7.Қарама-қайшылықтар біртұтас педагогикалық үдерістің
қозғаушы күші болып табылады
Педагогикалық үдерістің нәтижелі болуы, оның ішкі қозғаушы күшіне байланысты. Педагогикалық үдерістің қозғаушы күші деп – қойылатын талаптар мен оларды орындауға оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер, қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму деңгейіне сай келсе, онда қайшылық даму үдерісінің көзіне айналады.
Оқушы өзінің даму барысында әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ал бұл іс-әрекетсіз мүмкін емес. Яғни қарама-қайшылық «адам» жүйесінде пайда болады да, «адам-адам» жүйесі арқылы шешіледі. [1]
Негізгі қайшылықтар педагогика процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі де сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының, деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастары арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді. Педагогакалық үрдістің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық үрдістің ішкі қозғаушы күші танымдық еңбек, практикалық, қоғамдық сииаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаны оқытудың қозғаушы күші - бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құралдары мен мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып, оқытудың қозғаушы күші бола алады, ал қарама-қайшылықтың шешімі - олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқытудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты - оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардың білімді тек қана "ұстап қалмауы", соған "тіреліп" қалмас үшін және өз беттерінше шешу тәсілдерін табу үшін, оқыту процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.
Педагогикалық процесс статикалық емес, ол "ұстаздар-оқушылар" жүйе жағдайының үздіксіз өзгеруі болады. Ал жағдай жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін. Оның барлығы ұстаздың белгілі бағытта қажетті жағдай жасай алу дайындығына байланысты. Бірақ бұл деген процестің дамуына әсер ету, даму барысындағы процеске тән қарама – қайшылықтардың яғни оның қозғаушы күштерінің мәнінің түсінбейінше ол мүмкін емес дегенді білдіреді.[2]
Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың рөлін XX ғасырдың барлық кезендерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине,оқытудын қарама – қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген: М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Скаткин, Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский. Кейбір жұмыстарда ұжымының карама-қайшылығын Л.И. Новикова, тәрбие процесін И.С. Марьенко, Г.И. Щукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев, білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтарды Г.И. Батурина зерттеді.
М.А. Даншюв алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді.
Ю.К. Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процесіне сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді. Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:
- қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетін объектінің мәнін ашуы тиіс;
- қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс-әрекетін педагогикалық процесті басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек;
- қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек.
Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы - бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:
- жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы;
- жаңа танымдылық міндеттерімен бұрын қалыптасқан ойлау және іс-әрекет тәсілдері арасындағы;
- тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;
- жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;
- дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы;
- мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;
- тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы.
Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс-әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын ұжымның дамуымен тығыз байланыстылығымен анықталады. М.Ю. Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы коллективінің тәрбиелік рөлі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі белгіленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар ұжымының қалай дамығандығы екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды. Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:
- ұжым мүддесімен индивидтің жеке мүдделері арасындағы;
- индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы;
- тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бағыну қажеттілігі арасындағы;
- ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері арасындағы;
- ұжымдағы пайдалы әдеттерінің қажеттілігі мен формализм қауіптілігі арасындағы;
- бастапқы ұжым ұйымының қажеттілігімен топтық бөлініп шығуы қауіптілігі арасындағы.
Көрсетілген ұжымның даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі тобын шешу мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармауы болмайды. Бұл қиындықтар оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру қиыншылықтарының мәні:
- педагогакалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы
мен қайраткерлігі арасындағы;
- мектептегі іс-әрекеттің коллективтік сипаттылығы мен әрбір оқушының адамға тән барлық өзіңдік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы;
- ұжымның қоғамдық мәнді мақсатына байланысты ұжымның жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік тәжірибесінің шектелгендігі арасындағы;
- оқушыларды атадан қалған, адамға тән іс-әрекет түрлерін игеруге (қатынас, ойын,еңбек,таным,өнер,табиғатты қорғау іс -әрекеті) дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс-әрекеттер түрлерін меңгеруінің бірқалыпты еместігі арасындағы;
- әрбір оқушының өзін-өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы;
- оқушылардың қоғамдық өмірде қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы.
Г.К. Костюк: «Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде педагогикалық әрекеттің жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі»
Э.В. Ильенков: «Дұрыс педагогикалық басшылық жасалынбаса, қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді,дамуда тоқырауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір кұбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы құрылуы арқылы жүзеге асады». [3]
Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың бірлігі. Егер субъектінің іс-әрекеті арқылы қарама - қарсылықтардың бірі басқаға сәйкес келсе, онда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты.
Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, бұл оның өз іс - әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс - әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс - әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық "адам" жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа " адам - адам" жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.
Ұстаз көрсетілген жүйенің бір бөлігі ретінде өзінің міндеті етіп оқушыға пайда болған танымдық міндеттер мен оның өзінің ойлау тәсілдерінің және іс - әрекеттері арасындағы, қайшылықтарды оқушы пайда болған қиыншылық ретінде субъективті қабылдайды және жеңуге көмектеседі. Бұл қайшылық әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі саласына қатысты болғандықтан, мұғалім оқушыға әртүрлі іс - әрекеттер түрлерінің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, олармен көптеген ұрпақтар бойы әлеуметтік тәжірибе жасалады. Негізінен, мұғалім нақтылы кезеңдегі қайшылықтың анықталған ерекшелігіне байланысты оқушыларға өз орнын табуға керекті тәсілдерін меңгеруге көмектеседі. Демек, кең мағынада түсіндірілетін заттық іс - әрекет, оған мұғалімнің басшылығымен оқушы енгізілінеді, қайшылықтарды шешудің құралы болады, ал ол индивидтің субъект ретінде қалыптасуына әкеледі.
Даму қайшылықтарының ерекшелігі мынада, мұғалім міндетті түрде оқушының өзіндік ерекшеліктеріне сол нақтылы коллективтің кіші микро топтарының ерекшеліктеріне және әрбір оқушының тұлға қатынастары жүйесіндегі орнын бетке ұстауы керек. Балалар ұжымымен оны басқарудың әлсіздігі, қайшылықтардың көп жағдайда дау - жанжалға өсуіне ұласып отырады. Маманданған мұғалімнің педагогикалық сауатты басшылығы пайда болып келе жатқан қайшылықтарды тану біліктерімен байланысты, коллективтегі дау жанжалдарды оқушылардың өздерінің және үлкендердің аз ғана араласуымен шешуіне әкеледі.
Н.Н.Хан: «Қайшылық оқушылар ұжымы жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі "сынып ұстаздары - сол сыныптың оқушылар ұжымы" жүйеде шешілуі мүмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мұғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін». Басқа қайшылықтарды шешу сынып жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып ұжымына жалпы мектеп қатынастары жүйесінде өз орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігін кеңейте түсуіне көмектеседі. Сонымен, мұғалім мақсатты педагогикалык процестің дамуына ыкпал еткісі келсе, "ұстаздар-оқушылар" жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар топтары және олардын өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс - әрекеттерін қайта құру арқылы болатындығын ескеруі керек. Сонымен бірге, мұғалім өзінің әрбір нақтылы практикалык іс - әрекеттерінің қас қағым уакытында оқушы тұлғасының нақтылы даму қайшылықтарына бір ғана емес бірнеше оқу, көркем өнер, спорт және т.б. ұжымдар жүйесі болатын (А.Т. Куракин), онда жетекші іс - әрекет әртүрлі қайшылықтарды шиеленістіре түсуі мүмкін. Нақтылы педагогикалық процестегі қайшылықтар оның сыртқы бетінде жатпайды. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жатқан қайшылықтарды білуді, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін және осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын, ал қажет болса, тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек. [4]
Егер мұғалім, сол нақтылы қайшылықтың басқа топтар жүйесіндегі орнын көре білсе, онда оның қабылдаған шешімі педагогикалық процестің негізгі интегративтік қасиетін оқушы тұлғасына өзара қилыстағы қосымша жүйелердің үздіксіз ықпалын көрсетеді. Ұстаздың басшылығымен жұмыс істейтін адамдардың әрекеттерінде қалай болса да педагогикалық процестің- белсенділікпен қатынастың бірлігі, қосымша жүйенің қызметтік мамандануы, көп жақты қатынастардың процесс субъектілерінің өзара әрекетінің нәтижесі сияқты қасиеттері көрінеді.
Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсенді түрде іс - әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, мұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет