1. Педагогикалық үдерістің түсінігі мен құрылымы «Педагогикалық үдеріс»



бет6/10
Дата11.12.2023
өлшемі79,46 Kb.
#137150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.
2. Губайдуллина Г. Н. Педагогиканы оқыту əдістемесі: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.- 328 бет.
3. Педагогика./Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.
4. Вульфов В.З., Иванов В.Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках. Уч.пособие. - М., 1997.-288 с.
5. Ә. Мұханбетжанова Педагогиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы: ЖШС РПИК «Дәуір», 2011ж. – 368 бет.
4.Педагогикалық үдерістердің заңдылықтары,
принциптері және функциялары
Педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттеу өткен ғасырдың 20-жылдарында басталған болатын. М.А.Данилов бірінші болып тұжырымдама берген. Ол педагогикалық процесте көптеген факторлардың ықпалы ұдайы байқалатындығы және олардың жағдайлар мен уақыттардың алмасуымен байланысты өзгеріп тұратындығына назар аударады. В.В.Давыдов педагогикалық процестің қалыптасуының өзінің заңдылықтарын мынадай жолмен түсіндіреді: біріншіден, кез келген іс-әрекеттің пайда болуы, қалыптасуы және құлдырауы болады; екіншіден, оның құрылымдық компоненттері үнемі өзінің қызметін өзгертеді, бір-біріне ықпал етеді (қажеттілік, түрткі, міндет, әрекет, операция); үшіншіден, түрлі іс-әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын) адамның мінез-құлқында бірегей; төртіншіден, әрбір іс-әрекеттің сыртқы түрі қалыптасып, адамдардың өзара қарым-қатынасы, материалдық және заттанған құралдарды қолдану арқылы өзінің қарым-қатынасы және тәжірибесінің алмасуы пайда болады; осының негізінде адам іс-әрекетінің ішкі формасы өзінің құрылымы мен ұғымдарға, бейнелерге сүйеніп қалыптасады. [1]. Заңдылықтар педагогикалық процестегі реттелген өзгерістер немен байланысты екендігін, құбылыстардың бөліктері, элементтер процесінің қалайша байланысқаны туралы түсінік береді.
Педагогикалық процестің заңдылықтары – оның мәндік ерекшеліктері, демек, ол – тұтастықта да және бөліктерде де өзін көрсетеді. Заңдылықтарды білу – біріншіден, практикалық іс-әрекетте тиімді нәтижелер алуға, екіншіден, педагогикалық процестің моделін жасауға мүмкіндік береді, ал ол нақтылы педагогикалық процестің жақсы және жаман жақтарын талдауға және сонымен бірге жақсы тәжірибенің дамуын модельдеуге негіз болады. [2]
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отыра, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылыктар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс – әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады.
Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс – әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылыктар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері, демек, ол тұтастықта да және жеке бөліктерде де өзін көрсетеді.
Педагогикалық үдерістің заңдылықтары:
1) педагогикалық үдерістің қозғалыста болуы (оқушының күнделікті нәтижесі жоғары болса, жалпы жетістігі жоғары балады);
2) педагогикалық үдерістегі жеке тұлғаның дамуы (жеке тұлғаның даму темпі – тұқым қуалаушылыққа, тәрбиеге және ортаға, педагогикалық үдерістегі әдіс-тәсілдерге тәуелді болады);
3) оқу-тәрбие үдерісін басқару (педагогикалық ықпалдың әсерлілігі – мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың интенсивтілігіне, тәрбиеленушілерге корректировка жасауға, т.с.с. тәуелді);
4) сыртқы әрекет ету әсерінің (педагогикалық, моральдық, материалдық т.б.) өз уақытысында болуына тәуелді;
5) сезім, логика және практиканың бірлігі (оқу-тәрбие үдерісінің әсерлілігі - сезім, қабылдау сапасы, әсерлілігіне; түсінгенді практикада қолдануына тәуелді);
6) ішкі (таным) және сыртқы (педагогикалық) іс-әрекеттердің бірлігі;
7) педагогикалық үдерістің оқу-тәрбие үдерісінің барысы мен нәтижесі – қоғам және жеке тұлғаның қажеттілігімен; қоғамның мүмкіндіктерімен (материалдық, техникалық, экономикалық т.б.); үдерістің өту жағдайларымен (моральдық-психологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық т.б.) келістілігі.
Педагогикалық процестің принциптері оның заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.
Принциптер - бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, опың тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді.
Ал, зандылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Педагогикалық процестің принциптері - оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, негізгі жағдайлар. Педагогикалық процесті құрылымдауда оқытудың ұстанымдарына сүйенуге міндетті болғандықтан, олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:
1) гуманистік принцип (оқушылардың мұғаліммен адамгершілік қарым-қатынасы, тәрбиеленушілердің азаматтық құқығын қорғау, құрметтеу);
2) тұтастық принцип – педагогикалық үдерістің барлық компоненттерінің бірлікте, байланыста болуы;
3) демократияландыру принципі – педагогикалық принципке қатысушылардың өзін-өзі дамытуы, реттеуі;
4) оқушының барлық саладағы іс-әрекеттерінің арасындағы байланысты орнату;
5) кәсіби мақсаттылық принципі – кәсіптік бағдар беруді, кәсіптік дайындықты қамтамасыз ету;
6) политехникалық принцип - өндірістік мамандар, кең профильды жұмысшылар дайындауға мүмкіндік беру;
7) бағыттылық принцип – жеке адамның жан-жақты дамуына, оқыту және тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды;
8) психологиялық принципі (сана мен іс-әрекеттердің бірлігі) – адам мәдениет байлығымен қатынаста болып әлеуметтік тәжірибені игереді (мәдениеттілік - өзін-өзі анықтау, оқыту, тәрбиесіне жағдай жасау). [3]
Педагогикалық үдерістің үш қызметі(функциялары) бар: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық.
1.Педагогикалық үдерістің білім беру қызметі. Оқушыларға білімді толық игерту үшін негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар: білімнің толықтылығы; білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі; білімнің ұғымдылығы – оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту; білімнің әрекеттілігі – жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау. Оқытудың білім беру қызметі қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген, өз бетімен білім ала алатын, жоғары білімді маман даярлауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
2. Педагогикалық үдерістің тәрбиелік қызметі - оқыту барысында тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше, біртұтастық ұстанымына негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып тәрбиелейді, тәрбиелей отырып білім береді.
3. Педагогикалық үдерістің дамытушылық қызметі. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері дамиды. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Дамудың ерекшелігі – ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен білім беру дамудың алдында жүріп отырады.
Педагогикалық процестің әлеуметтік, психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Педагогикалық процестің екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі). [4]

Педагогикалық процестің қызметтері:


- оқытушылық, яғни педагогты педагогикалық үдерісті жобалау, ұйымдастыру, басқару туралы педагогикалық білім, іскерлік, дағды жүйелерімен таныстырады;
- дамытушылық, яғни тұлғаның интеллектуалды, эмоцио налды-еріктілік, шығармашылық жəне т.б. қасиеттерін дамытады;
- тəрбиелілік, яғни педагогикалық іс-əрекетке деген тұлғаның көзқарастарын, пікірлерін, қасиеттері мен құндылықтарын қалыптастырады. [5] Педагогикалық үдерістің негізгі элементі болған тәрбиелілік қызметі өз ішіне төрт мәнді белгіні қамтиды:
- ықпалдардың мақсат бағдарлылығы;
- сол ықпалдардың үлгі, өнеге, әлеуметтік-мәдени бағдар, мұраттарға сай бағдарлануы, сондай-ақ тәрбие үдерісінің адамзат дамуының тарих барысындағы жетістіктеріне сай келетін құндылықтарына орай жүргізілуі;
- ұйымдастырылатын тәрбие ықпалдары мен әсерлерінің белгілі жүйеде болуы мен және орындалуы;
- адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, тұлғалықты және даралықты дамуға түсуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет