1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет21/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.
9 билет
Жануарлар жасушасында қандай органоидтар жоқ? Неліктен микротүтікшелелер қозғалысы мүмкін?
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылысы бірдей, тіршілік процестері ұқсас болғанына қарамастан, ерекшеліктері мен айырмашылықтары да болады. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының бірінші ерекшелігі олардың жасуша қабықшасына қатысты. Өсімдік жасушаларының жасуша қабықшасы қалың, тығыз жасұнықтан (клетчатка) тұрады. Ал жануарлар жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа болады. Келесі ерекшелігі — өсімдік жасушасының цитоплазмасында пластидтердің болуы. Пластидтердің құрамындағы пигменттеріне байланысты үш түрі болады: жасыл — хлоропластар, түрлі түсті боялған — хромопластар, түссіз — лейкопластар. Өсімдіктердің жасыл түсінің басым болуы құрамында хлорофилі бар хлоропластарға байланысты. Оның қатысуымен күн энергиясы химиялық заттар энергиясына айналады.
Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды. Неге? Жануарлардың қоректену тәсілі гетеротрофты болып табылады — олар өсімдіктер түзген дайын органикалық заттарды қолданады. Үшіншіден, өсімдік жасушасында мөлдір көпіршіктер, іші жасуша шырынына толған ірі вакуольдер болады. Вакуоль су алмасуы мен тургор қысымын қамтамасыз етеді. Вакуольдерде қоректік заттардың ерітінділері болады. Жануарлар жасушасында вакуольдер жоқ. Тек қана біржасушалы организмдерде ғана бар. Мысалы, кәдімгі амебада (біржасушалы жануарлар) асқорыту вакуолі (қоректің ыдырауына жауапты) және жиырылғыш вакуолі (артық судың сыртқа шығарылуына жауапты) болады. Өсімдік жасушасында қорға жиналатын көмірсу крахмал болса, жануар жасушасында гликоген жиналады.




2 Көп қабатты мүйізденетін (тері) эпителий, оның құрылысы, қызметі, маңызы. Регенерация. Мүйізді түзілістер.

Тері дененің сыртқы қорғаныс қабығы болып табылады. Бұл - зақымдалғанда өзін - өзі қалпына келтіруге бейімделген, бетінің көп бөлігінде көптеген сезімтал рецепторы бар, өте жай әсерлерді сезуге қабілетті ең үлкен ағза. Тері дене температурасын реттеуде өте маңызды қызмет атқарады. Терінің сыртқы көрінісі көңіл күйге және адам денсаулығының жалпы жағдайына байланысты өзгереді. Осындай өзгерістердің жалпы жиыны организмдегі көптеген бұзылыстардың көрінісі болып табылады. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады.Тері ағзадағы зат алмасу процесіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестерді жылу реттелу дейді.Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. (Бұрын өтіп кеткен витаминдер тақырыбын естеріңе түсіріңдер.) Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі.Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу процесі жүреді, яғни оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді.Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет