1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет24/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Ұрық жапырақшасы (folіa embryonal) — көп клеткалы жануарлар ұрығының даму кезеңінде денесінің сыртында (гаструлация процесі кезінде) тіндер мен органдар пайда болатын қабаттар. Ұрық жапырақшасын кейде ұрық тақташалары деп те атайды.

  • Көптеген көп клеткалы жануарларда негізінен 3 түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі. Оның сыртқы қабаты — эктодерма, ортаңғысы — мезодерма, ал ішкі қабаты — энтодерма.

  • Сыртқыұрық жапырақшасынан: жабын эпителий (ұлпа), жүйке жүйесі, сезім мүшелері дамиды; 

  • Ортаңғы ұрық жапырақшасынан: дәнекер ұлпасы, қаңқа (сүйектер) бұлшықеттер, қанайналу мүшелері, зәр шығару және көбею мүшелері түзіледі; 

  • Ішкі ұрық жапырақшасынан: асқорыту мүшелер мен асқорыту бездері және тынысалу мүшелері пайда болады. Ұрықтың алғашқы 4 айға дейінгі дамуы ұрықтық (зародыш) даму деп аталады. Ұрықтың 4 айдан кейінгі дамуын шараналық (плод) даму дейді.


Қағанақты жануарларда ұрықтық және ұрықтан тыс эктодерма, мезодерма және энтодерма қабаттары ажыратылады.
Эктодерма қабатынан түзілген ұрық жапырақшасы жабын және сезгіш қызметтер атқарады.
Мезодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қозғалтқыш, тіректік және қоректік қызмет атқарып, ұрықтың дене бөліктерін бір-бірімен байланыстырады.
Ал энтодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қоректену және тыныс алуды қамтамасыз етеді. Әр түрлі жүйелік топтарға жататын біркелкі ұрық жапырақшасының көптеген ұқсас белгілерімен қатар, даму ерекшеліктеріне байланысты бірталай айырмашылық белгілері де болады.
4 Фагоцитоз, оның механизмі және ағза үшін маңызы. Фагоцитозға қабілетті жасушаларды атаңыз, олар қандай дене ұлпаларының құрамына кіреді.
Фагоцитоз (фаг және грек. kytos — жасуша) — бір жасушалы организмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар жасушасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі.
Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Организмдердің бұл қабілеті эволюция барысында фагоциттерге ауысқан.. Фагоцитоз құбылысын және оның иммунол. маңызын И.И. Мечников ашқан (1882). Фагоцитоз осы процеске қатысатын нысандар мен фагоциттердің жақындасуы (хемотаксис) және аттракция (фагоцит бетіне микробтардың жабысуы), қармап алу, жасуша ішінде қорытылу сатыларымен өтеді. Кейбір микробтар (мысалы, алапесті қоздырушылар) организмдегі фагоциттердің ішінде орналасқанда ғана әрекет ете алады.
Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы мүмкін. Мысалы, кальций тұздары мен магний бар жерде Фагоцитоз процесінің күшейетіні анықталды. Фагоцитоз процесі кезінде жасуша мембранасы белсенді рөл атқарады. Ол фагосома түзілу үшін қорытылатын нысандар бөлшектерін бүркеп алып, цитоплазманың түбіне қарай тартады. Лизосома жасушаларынан фагосомаға жұтып алған бөлшектерді қорытатын ферменттер түседі. Ал қорытылмаған бөлшектер жасушада ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Фагоцитоз қабыну, жараның жазылуы кезінде иммунитеттің арнайы емес түрінің факторы ретінде шешуші рөл атқарады.
10 билет
Өсімдік жасушасына қандай жолмен еніп, одан шығарылуы мүмкін? Өсімдік жасушасы үшін жасуша қабырғасының қызметі қандай
Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.
Жарғақшаның қызметі:

  1. Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер - шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді.

  2. Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді;

  3. Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді

Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы).


Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады.
Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.
Цитоплазма (грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.
Ядро – цитоплазмағақарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады.
2 Суретте адам терісінің құрылысы көрсетілген
тер бездері орналасқан тері қабатын атаңыз: _______ шығару процесінде терінің рөлін сипаттаңыз.


Терінің ортаңғы тығыз қабаты – дерма' , ол дәнекер түптегінің талшықтарынан түзілген. Онда негізгі тері құрамбөліктерінің барлығы болады. Бұларға қылтамырлар, рецепторлар, май және тері бездері, шаш баданасы, шұрықтар, ұсақ бұлшықет талшықтары жатады. Қылтамырлар тері жасушаларын қоректендіреді, ондағы қан тер түзілген кезде сүзіледі. Оларда сонымен бір мезгілде 40%−ға дейін қан болады. Қызған кезде қылтамырлар кеңейіп, жылу беруді күшейтеді, ал өте салқындаған кезде керісінше тартылады. Майлы бездер түктерді және терінің үстіңгі бетін майлайтын терілік май бөліп шығарады. Терілік май болмаған жағдайда тері сетінеп, зақымданады. Тері бездері тер бөлу арқылы ағзаны салқындатып, қанның тазаруына мүмкіндік береді. Тері шұрықтары арқылы 5% тынысалу жүзеге асады. Терідегі ұсақ бұлшықет талшықтары түкті едәуір ұзартып, көтеруге, салқындаған кездегі түршіккен теріні жинауға жәрдемдеседі
Тірек-трофикалық ұлпалардың жасушааралық затының құрылымдық ерекшеліктерін сипаттаңыз (қан, лимфа, ретикулярлық ұлпа, дәнекер ұлпанің өзі, шеміршек жәнесүйек ұлпалары) орындалатын функциялардың ерекшелігімен байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет