1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет59/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Мұндай ұрықты — морула (лат. morum — тут ағашының жемісі, пішіні тут ағашы жемісіне ұқсас) дейді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сүйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады. Пішініне байланысты бластула әртүрлі жануарларда түрліше аталады: ланцетникте — целобластула (қуысты бластула), қос мекенділерде — амфибластула (қосмекенді бластуласы), бауырымен жоргалаушылар мен құстарда және жұмыртқа салушы сүтқоректілерде — дискобластула (пішіні дөңгелек дискіге ұқсас бластула), басқа сүтқоректі жануарларда — бластоциста (стерробластула — көпіршікше бластула) деп аталады.
Бластоциста (blastocystis; грек, blastos — өскін және kystis — көпіршік) — адам мен сүтқоректі жануарлардың бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған, пішіні көпіршікке ұқсас ұрығы
Эмбриобласт (эмбрион-жарылыс) - эмбриондық діңгек жасушалары бар бластоциттің ішкі жасушалық массасы.
Трофобласт (трофобласт)(trophoblastus, грек, trophe — тамақ, қоректік зат, blastos — өскін, бастама) — сүтқоректілердің көпклеткалы көпіршік тәрізді ұрығының (бластоциста, стерробластула) сыртқы қоректендіруші қабығы. Ол бірқабат клеткалардан тұрады, бүрлі ұрық қабығы — хорионың симпластотрофобласт қабатын түзуге қатысады.
4 Дамудың маңызды кезеңдерін келтіріңіз. Дамудың маңызды кезеңдері туралы түсінік, мысалдар.
Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және грек. genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.
Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан (қараңыз Ұрықтану) немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан (қараңыз Партеногенез) бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір жасушалы ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп жасушалы ұрық — бластула түзіледі. Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол:сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула,қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.
Гаструляция процесі кезінде ұрық жапырақшасында жекелену жүреді, яғни, ішкі бөлікте — энтодерма, сыртқы бөлікте — эктодерма, ал ортасында — мезодерма қалыптасады. Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды. Ұрықтың дамуының ерте кезеңінде эмбрионалды жасушалар көптеген бағыттарда дамуға қабілетті болады. Бірқатар факторлардың әсерінен кейін олар детерминияланады, яғни, бағытталған бір жүйеде дамуы барысында олардың құрылымы мен қызметі мамандана бастайды. Мысалы, эктодерманың жүйке жүйесі түзілетін бастамасында бас миы жекеленіп, оның бір бөлігінде көздің бастамасында дамиды да, колба және таяқша тәрізді көру жасушалары қалыптасады. Ұрықтың дамуы жасушада тұқым қуалау аппаратымен анықталады. Ядрода болатын хромосомалар бір белоктың құрылымы туралы ақпарат жазылған көптеген гендерден құралған. Генде кодталған ата-ана ағзасындағы белгілер ұрықтың дамуы кезінде іске асады. Клеткалар бөлінген кезде гендердің толық жиынтығын алады, бірақ та әр тінде сол тінге ғана тән белоктардың синтезін қамтамасыз ететін гендер бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан да генетикалық деңгейде ұрықтың дамуы жеке гендердің “жұмыс” істеуіне байланысты болады. Гендер қызметі өсіп келе жатқан жұмыртқа жасушасында сары уыз және РНҚ молекуласының барлық типтері жинақталғанда басталады. Ұрықтың дамуыдың барысында тұқым қуалаушылықтың жүзеге асуы мына бағытта жүреді:дифференциация факторлары арнайы гендерді іске қосып, олар қажетті белоктарды синтездейді, албелоктар болса, жасушалардың дифференциациясының жүруін қамтамасыз етеді.
Бұл процесте көптеген белоктардың қызметтері анықталған. Мысалы, гемоглобин — эритроциттердің қалыптасуы барысында; миозин — бұлшық еттің пайда болу кезінде, ферменттер мен гормондар — әр түрлі бездердің даму барысында түзіледі. Ұрықтың дамуы кезіндегі гендердің қосылуы мен ажырауынының механизмі толықтай анықталған жоқ. Сондықтан жасуша пішінінің өзгерісін, ұрықтың дамуы барысында олардың қозғалысын және бағытын анықтайтын белоктар да аз зерттелген. Ұрықтың дамуының соңында ұрықтың қабықшадан шығуы немесе туылуы үшін қабықшаны ерітетін ферменттер синтезделеді немесе қауызды жарып шығатын арнайы құрылым пайда болады.
25 билет
1 Жасушада көбею түрлеріне сипаттама беріңіз. Кезеңдеріне тоқталыңыз.
Ұрпақ қалдыру қызметi, тектiк хабарды ұрпақтан ұрпаққа беру жасуша циклi кезiнде қамтамасыз етiледi. Жасушаның бiр бөлiнуiнен екiншi бөлiнуiне дейiнгi кезеңдi, немесе бөлiнгенiнен өлгенiне дейiнгi мезгiлiн тiршiлiк, жасушалық цикл (грек. киклос – шеңбер, ТЦ) деп атайды.
ТЦ - таза митоз бөлiнуiмен екi бөлiну аралығы - кезеңаралық фазадан тұрады. Кезеңаралық фаза митозға қарағанда ұзақ, үш: түзiлу алды (митоздан кейiнгi (G1), түзiлу (S), түзiлу соңы (митоз алды (G2) кезеңдерiне бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет