1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет60/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Түзiлу алды кезең жасушаның митозбен бөлiнгенiнен кейiн басталып, жасушаның қарқынды өсуi, белокпен РНҚ түзiлуiмен сипатталады. Жасуша қалыпты мөлшерiне жетiп, қажеттi тұрақты қосындыларын бұрыңғы қалпына келтiредi. Кезең бiрнеше сағаттан бiрнеше күнге дейiн созылады.
Түзiлу кезеңде ДНҚ екi еселенiп (репликация), белоктар (цитоплазмадан ядроға түсетiн, қайта түзiлген ДНҚ орайтын нуклеосоманы қамтамасыз ететiн гистондар) түзiлуi жүредi. Хромосомалар, центриольдер саныда екi еселенедi. Кезең көптеген жасушаларда 8-12 сағат iшiнде өтедi.
Түзiлу соңы кезең митозға дейiн жүредi. Жасуша бөлiнуге дайындалады. Бөлiну процесiне қажет центриольдер пiсуi, қуат қоры жиналуы, РНҚ, белоктар (тубулин) түзiле бастайды. Кезеңнiң ұзақтығы 2-4 сағат құрады.
Жасушаның күрделi бөлiнуi, митоз (mitosis, грек.-жiп), кариокинез 1-3 сағат iшiнде аяқталып, жас жасушаларға материалдарының тең бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Митозда (кариокинезде) негiзгi: про-, мета-, ана-, телофазалар болады.
Профаза (көрiну) хромосома конденсациясынан басталып, жарық микроскопта хромосома жiпше тәрiздi құрылымдар болып көрiнедi. Әр хромосома қос паралель жатқан хроматидтерден (грек. түс, тәрiздi, ұқсас) тұрып, центромерлер (бөлiк) аймағында байланысады. Ядрошықпен ядро қабығы кезең соңында жоғалып кетедi, кариоплазма цитоплазма құрамымен араласып, миксоплазма (аралас) түзедi. Центриолилер жасушаның қарама - қарсы беттерiне ауысып, митоз ұршығы жiпшелерiн бере бастайды. Центромера аймағында ерекше белок кешендерi-кинетохорлар құрылады. Кинетохорларға ұршықтың кейбiр микротүтiкшелерi жабысатындықтан - кинетохорлар микротүтiкшелерi деп, жасушаның бiр полюсiнен екiншi полюсiне дейiн созылып орналасқан ұршық микротүтiкшелерiн - полюс микротүтiкшелерi, ал ұршықтан тыс жатып, жасуша ортасынан плазмалеммаға бағытталған микротүтiкшелердi - жұлдызша немесе нұр шашуы деп, атайды.
Метафазада хромосомалар конденсациясы ең жоғары деңгейге сәйкес, митоз ұршығы экватор аймағына шоғырланып, метафаза тақташасын немесе аналық жұлдыз бейнесiн құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет