1. Психолгия пәні дегеніміз


Жануарлар дүниесіндегі дағды дегеніміз не



бет20/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
42.Жануарлар дүниесіндегі дағды дегеніміз не.
Жануар дағдылары – жануарлардың өмірін бақылау көрсеткендей, тек туа біткен қылықтарының түрлері – интсинктеріне негізделе отырып, олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды.
Жануарлар қылықтарының туа біткен түрлері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толықтырылады. Дағдылар деп көптеген қайталаудың және бекітудің нәтижесінде жануарлардың жеке тәжірибесінде қалыптасатын іс-әрекетін айтады. Жануарларда дағдыны қалыптастыру күнделікті өмірдің табиғи жағдайында, сонымен қатар арнаулы, үйрету арқылы іске асады. 
Жануарларда дағдылар байқап көру және қателесу әдісімен қалыптасады.
43.Мектепке дейінгі жастағы іс-әрекеттің жемісті түрлері. Мектепке дейінгі балалық шақтағы іс-әрекеттің жемісті түрлері олар еңбек пен оқытудың элементтері болып саналады. Мектепке жейінгі кезеңде еңбек әрекетінің негізі енді ғана қаланып келе жатқанымен, бала психикасын жан-жақты дамытуға маңызды әсері бар. Еңбек әрекетін орындау нәтижеінде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды еріксіз бақылап, дүние туралы түсінігі кеңейіп, тәрбиешінің сөз жүзіндегі айтып, түсінік беруінің нәтижесінде ересек адамдарының қоғамдық еңбегінің мәні оның адамзат болашағы үшін қандай маңызы бар екенін түсінеді.
44.Тәжірбиелік әдіс дегеніміз не. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
45.Ерік амалдары.
Ерікті әрекеттер мен амалдар – мәнісі мен құрылысы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал , бұл-мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет. Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді.
Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік, оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы түрткі (мотив) болады. Кез-келген адамнан “ сен не үшін оқисың ? ” деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бір бағытқа істейтін ісінің мәнін жоспарлай белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы –тілек немесе ниет деп атайды. Тілек-келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, “газетке мақала жазсам”,” өзенге барып шомылсам” т.б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қахетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әліде болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет