1. Психолгия пәні дегеніміз


Психологияның зерттеку әдістері



бет2/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
4.Психологияның зерттеку әдістері.
Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс. Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
5.Жоғарғы жүйке қызметі.
Жоғары жүйке қызметі - үлкен ми сыңарлары, ми қыртысы және қыртыс асты бөліктері арқылы атқарылатым адамның күрделі іс-әрекеті мен мінез-құлқының, танымдық іс әрекеті процестерінің физиологиялық механизмдерін қамтамасыз ететін жүйкелік реттеудің жоғарғы түрі. Жоғары жүйке қызметі өте күрделі рефлекторлық жолмен жүріп, ағзаны, адам мінез-құлқын реттеп отырады. Жоғары жүйке қызметі арқылы адам және жануарлар сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Жоғары жүйке қызметі өз алдына ілім ретінде И.М. Сеченов пен И.П. Павлов зерттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет