1 сабак Биотехнологияға кіріспе



бет5/8
Дата27.10.2022
өлшемі2,92 Mb.
#45692
1   2   3   4   5   6   7   8

Жасушалық инженерия

Жасушалық инженерия гибридизация,реконструкция және қолдан өсіру негізінде жасушалардың жаңа түрлерін алу әдісінде қолданылады.

Жасушалық инженерия жоғары сатыдағы организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жеке жасушаларын және ұлпаларын жасанды көректік орта жағдайында өсіру.

Жасушалық инженерия әдісі арқылы бір жасушаның ядросын екінші жасушаға көшіру және ядросыз жасушаларды өсіріп алуға болады.

Жасаңды көректік ортада, яғни "in vitro" (жасанды) жағдайында жануарлардың (ит пен мысықтың, тышқан мен адамның) гибридтік жасушасын алған.

Жасушалық инженерия

Жасушалық инженерия – арнайы әдістер арқылы жаңа типті жасушаларды құрастыру. Жасушалық инженерия міндеттеріне әртүрлі жасушалардың жеке фрагменттерінен тіршілікке қабілетті жасушаларды құрастыру, әртүрлі түрлерге жататын тұтас жасушаларды біріктіру және т.б. жатады.

Кезкелген әдіс сияқты жасушалық өсірінді әдісінің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Жасушалық өсірінді әдісінің артықшылықтары

  • Жасушаларды және олардың морфологиялық пен биохимиялық ерекшеліктерін әртүрлі әдістердің көмегімен (соның ішінде жарыққтық микроскопия) «тірі» болған кезде бақылау.
  • Жасушалар жағдайын «тірі болған кезде» бағалау мүмкіндігі. Жануарлармен сынақ-тәжірибе жасаған кезде «post faсtum», яғни өлтіріп зерттейді.
  • Дақылдау жағдайын өзгерту мүмкіндігі жасушалар метаболизміне әсер ететін факторларды бағалауға жағдай жасайды.
  • Жасушалық материалдың азғантай ғана бөлігін қолдана отырып, нәтижелерді алу және бағалау. Көп жануарларды қолдану мәселелесін жояды.
  • Жасущалық өсіріндісін қолдануы клиникалық материалдың үлкен көлемін пайдалану және қауіпті уытты заттарды тестілеумен байланысты көптеген этикалық мәселелерді шешеді.
  • Жасушалық өсірінді әртүрлі биохимиялық (уытты заттар, гормондар, токсиндар мен радиоактивті қосылыстармен) манипуляцияларды жасау үшін қолжетімді болып келеді.
  • Жасушалық өсіріндісін пайдаланған кезде зерттелініп жатқан заттың тікелей әсері (бауыр мен бүйректе метаболизмге ұшырау мүмкіндігі жоқ) бағаланады.
  • Кезкелген әсерді тудыратын заттың нақты концентрациясын есептеуге мүмкін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет