Т.Тәжібаев атындағы «№47» мектеп-
гимназиясының
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің 2«А» сынып
оқушышысы Темірбай Айзеренің
«Фелинотерапия және мысықтар әлемі»
атты ғылыми жұмысына
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға табиғаттың өзі емші екндігіне көзін жеткізу.Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Адамға табиғаттың өзі берген құндылығын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Оқшының Фелинотерапия және мысықтар әлемі тақырыбы күнделікті тұрмыста көп қолданылатын мысықтың біз біле бермейтін қыр-сырын танып-білу, оның адамға тигізетін пайдаларын, емдік қасиеттерін анықтау.
Ізденуші бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. «Естідіңіз бе...» - бөлімінде, мысықтар жайлы таңқаларлықтай оқиғаларды жақсы іріктеген. Жұмысын қазіргі таңда жануарлармен емдеу әдісін Қазақстанда дұрыс жолға қою керектігі, ит, мысықтарды қорғауға алу керектігі жайлы ойымен қорытындаған.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.
«№ » коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
биология пәнінің мұғалімі: мқғалім