1-сынып Құрастырған: Кеншілік Гулбаршын Бірінші санатты санатты бастауыш сынып мұғалімі


Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі)



бет2/20
Дата26.12.2023
өлшемі1,18 Mb.
#143545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
1.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі).Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болып қалмауына,тілін дамытуға көмектесу,мектепке дейінге мекемелерде дайындықта болмай қалғандарға өз қатарластарымен және үлкен адамдармен дұрыс сөйлесе білуге тарту.
10 көлеміндегі заттарды санап және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктілігін қалыптастыру.Жалпы математикалық ұғымдар жайлы алғашқы түсініктердің мағынасын ашу, мағұлымат беру.Дәптермен жұмыс істей білу машығын үйрету.
2. «Он көлеміндегі сандар» бөлімінің мақсаты математикалық білім мазмұнының арифметикалық құраушысын оқытудың жоспарланған нәтижесіне қол жеткізу.Кестелік қосу мен азайтуды оқып үйретуге, есепті және оны шығару тәсілдерін енгізуге дайындау.
3. «Кестелік қосу және азайту» бөлімінің мақсаты бір таңбалы сандармен амалдар орындауда, бір амалмен шығарылатын есептеуді шығаруда жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу.Алгебраның және геометрияның элементтерінмен, шамалар мен оларды өлшеумен байланысты білімді, біліктерді және дағдыларды дамыту.
4. «Ондықтар.Жүз» бөлімінде нені үйрететініміздің мақсаты: ондықтарды шығарып алуды, оларды қосуды және азайтуды оқытудың жопарланған нәтижелеріне қол жеткізу. Алдыңғы тақырыпты оқып үйренуде қол жеткізген оқыту нәтижелерін тиянақтай түсу.Екі таңбалы сандардың нумерациясын және олармен орындалатын амалдарды оқытып үйретуге дайындау. Алгебраның және геометрияның элементтерін, шама және оны өлшеуді оқыту нәтижелерін дамыту.
5. «Біз нені үйрендік?» бөлімінде оқытудың негізгі нәтижелерін бекіту, жалпылау және оларды меңгеру деңгейін анықтау жүзеге асырылады. Мұғалімнің оқушылармен жүргізген жұмыстарының қорытындысы шығарылады.Бастауыш математикалық білімнің Мемлекеттік стандарты мен математиканы оқыту бағдарламасы айқындаған негізгі нәтижелерге баса назар аударуға мүмкіндік туғызады. Бастауыш математикалық білімнің Мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет