Әож биология бойынша қҰзыреттілік тапсырмалары оқу нәтижелерін бекіту және бағалау қҰралы ретінде



бет1/2
Дата19.10.2023
өлшемі65,01 Kb.
#119661
  1   2
Байланысты:
1-мақала Индира


ӘОЖ
БИОЛОГИЯ БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТАПСЫРМАЛАРЫ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БЕКІТУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ


Оралханова И.Е. *, Шарипханова А.С.,
Ғылыми жетекшісі: Шарипханова А.С.,
қауымдастырылған профессор, доцент

Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан


e-mail:

Мемлекеттік білім беру стандартын іске асыру, білім алушылардың жалпы мәдени және негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар олардың құзыреттілік тәжірибесін алуға бағытталған, бұл мектеп қабырғасында білім беру процесін ұйымдастыруға байланысты басқа көзқарасты тудырады. Бұл, оқу жоспары пәндерінің пәндік мазмұнын қайта қарауға, заманауи білім беру технологияларын игеруге, білім беру нәтижелерін өлшеу мен бағалаудың жаңа процедураларын әзірлеуге және, әрине, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге әсер етуі керек.


Бүгінгі білімнің маңыздыларының бірі - білім алушыларға алған білімді практикада қолдануға үйрету, жалпы білім берудің нәтижесі ретінде дамыған негізгі құзыреттіліктері бар түлектерді мектеп қабырғасынан шығару, сондықтан бұл құзыреттіліктерді қалыптастыруды, арнайы құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы қалыптастырған жөн. «Құзыреттілік» - бұл, таныс емес өмірлік жағдаят кезінде білім, икем, дағдыны қолдана алу, бұрын кездеспеген өмірмен байланысты тапсырманы орындай алу, өзгермелі заманға лайық бейімделуге икемділік таныту. Яғни, белгілі бір мақсатты қоя отырып, сол мақсатқа жететін бір-бірімен байланысты жеке қасиеттің жиынтығы (білім, икем, дағды, қызмет тәсілдері).
Құзыреттілікке бағдарланған тапсырма - білім алушыларының кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктерін тиімді қалыптастыруға бағытталған оқыту сапасының технологиясын, мазмұнын, мониторингін қамтитын құзыреттілікке бағдарланған білім берудің интегративті дидактикалық бірлігі. Құзыреттілікке бағытталған тапсырма білім алушылардың ақпаратты жаңғыртуына емес, олардың қызметін ұйымдастыруға немесе өзін-өзі ұйымдастыруға бағытталған. Құзыреттілікке бағытталған тапсырма білімді белгісіздік жағдайында, оқу жағдайынан тыс пайдалануды талап етеді, білім алушылардың ақпаратты немесе жекелеген әрекеттерді жаңғыртуды талап етпей, олардың қызметін ұйымдастырады.
Қазіргі мектептің негізгі мақсаты - оқушылардың әлеуетін дамыту, өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау, қазіргі өмірде еркін бейімделе алатын, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана алатын және құзыреттілігі өмір бойы тұрақты өзін-өзі оқытуға қосыла алатын құзыретті адамдарды даярлау.
Мемлекеттік білім стандартында келесі құрастырушылары мақсат пен күтілетін нәтижеге сәйкес келесі құзыреттілік түрлерін ұсынады:
- құнды-бағытталған;
- жалпы мәдениеттелік;
- оқу-танымдық;
- коммуникативтік;
- ақпартты-технологиялық;
- әлеуметтік еңбек құзыреттілігі;
- жеке өзіндік даму құзыреттілігі.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырманың айрықша ерекшеліктері - бұл белсенділік, кәсіби жағдайды модельдеу, білім алушылар үшін өзекті материалға негізделген және келесі құрылымдық элементтермен берілген. Ол 1 - суретте көрсетілген.



Сурет 1 - Құзыреттілік тапсырманың құрылымы


Құзыреттілік тапсырмаларының құрылымы бойыша, әр біреуінің келесідей міндеттері бар:



  1. Ынталандыру - тапсырманың мәнмәтініне енеді және оны орындауға ынталандырады;

  2. Тапсырма нысаны - білім алушылардың іс-әрекетінің реттілігін анықтайды және тапсырманың орындалу сапасын бағалауға мүмкіндік береді;

  3. Тапсырма тұжырымдамасы - тапсырманы орындау үшін оқушылардың іс-әрекетін сипаттайды;

  4. Ақпарат көзі - тапсырманы орындау үшін білім алушылардың табысты іс-әрекетіне қажетті ақпаратты қамтиды.

  5. Мұғалімдерге арналған ақпарат - тапсырманың сипаттамасы: мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижелері, тапсырмамен жұмыс ерекшеліктері;

  6. Тапсырманың орындалуын тексеру құралы - қызметтің әр кезеңі үшін ұпайлар санын анықтайды;

  7. Тексеру құралы - нәтижені бағалау әдістері мен критерийлерін белгілейді;

Құзыреттілік тапсырманы ерекше және басқа тапсырмалардан өзгеше көрсететін келесідей өзіндік блгілері бар:
- өмірлік жағдайға еліктеу;
- оқу сипаты, оқушылардың жас деңгейіне бейімделу;
- бір білім беру саласының шеңберінен шығу;
- әдеттегі оқу тапсырмаларымен салыстырғанда едәуір үлкен мәліметтер жиынтығының болуы, олардың арасында артық болуы мүмкін;
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жүйесі - бұл, білім алушыларға білім беру процесінің сәттілігі мен аталған құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейінің жедел және қорытынды диагностикасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзара байланысты тапсырмалардың жиынтығы.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жүйесі сонымен бірге мазмұнның құрамдас бөлігі, технологияның құрамдас бөлігі және мониторингтің құрамдас бөлігі болып табылады, тұтастай алғанда білім алушылардың интеллектуалдық әлеуеті мен қабілеттерінің максималды шығыны және физикалық, уақыттық шығындардың минималды шығыны кезінде білім беру мақсаттарымен берілген ең жақсы нәтижеге оңтайлы қол жеткізуді мүмкіндік береді. Сондықтан да құзыреттілік тапсырмалар оқу нәтижелерін бекіту мен бағалау құралы болады.
Биологиялық білім - жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудың негізі. Биологиялық білімнің маңыздылығын, денсаулықты сақтау, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу үшін өмірде қолдану мүмкіндігін көрсету маңызды. Оқушылардың білімі дағдыларға бағынуы үшін оқушыларға дайын тапсырмаларды әзірлеу немесе қолдану тәсілдерін өзгерту қажет. Оқушыларға ұсынылған тапсырмалар оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік, тұрмыстық, танымдық сияқты құзыреттіліктерін дамытуды қамтамасыз етеді. Биология бойынша құзыреттілік тапсырмалар оқушылардың оқу жұмысын жандандыруға, олардың ұйымшылдығын қалыптастыруға, өз бетінше оқуға, қажетті ақпаратты табуға және пайдалануға, ұжымда жұмыс істеуге, стандартты емес жағдайларда шешім табуға бағытталған.
Келесі 1 - кестеде биология бойынша әр-түрлі тақырыпқа байланысты құзыреттілік тапсырмалары көрсетілген.

Кесте 1 - Биология бойынша құзыреттілік тапсырмаларға мысалдар



(Мәселе: Оқушы теориялық білімдер жиынтығын игергенімен, нақты жауаптарды немесе проблемалық жағдаяттарды шешу кезінде оларды жүзеге асыруда қиындықтарға тап болады.
Міндет: Оқушыға қажетті ақпаратты табуға, белгілі бір жағдайларда әрекет таңдауға және ең бастысы білім, білік және дағдыларды қолдануға үйрету.

Тақырып

Құзыреттілік тапсырмаларға мысалдар

Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет