1. Сөз өнерінің табиғаты


И.Кант эстетикасындағы қисындылық ұғымы, әсемдік, асқақтық, олардың шарттары



бет5/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
2. И.Кант эстетикасындағы қисындылық ұғымы, әсемдік, асқақтық, олардың шарттары.
Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы-субъективті-идеалистік эстетика. Кант эстетикасының зиялы жұртқа кеңінен таныс басты-басты философиялық тұжырымдары оның күрделі зерттеулерінде («Байыптау қабілетіне сын», «Таза санаға сын») жүйеленді.
Канттың бүкіл дүниені “өзіндік затқа” және “өзімдік затқа” бөлгені, ал “өзіндік зат” дегенді тірі пенде біліп болмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол әдебиет пен өнерлі де “өзіндік затқа” сайып, бұлардың құпия сырын әншейін долбар арқылы ғана аздап жобалмаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын-жазушы-артық жаралған айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық-мазмұнға мүлде қатысы жоқ, тек пішінге ғана тән сыртқа сипат; оны “суреткер ешқандай мақсатсыз жасайды, жұрт ешқандай мақсатсыз ұнатады”. Неге десеңіз, “Сұлулық-жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рақатына айналған нәрсе”. Кант эстетикасының негізгі арналары-субъективті идеализм, формализм және агностицизм. Демек, Канттың эстетикасы “өнер-өнер үшін”, “таза өнер” деген қисық, қиғаш теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесіне ту болғаны кездейсоқ құбылыс емес.
3.Ажарлау тәсілінің көркем туындыдағы қолданылу маңызы.
Әдеби шығармада дыбыс қайталаулар арқылы ажар бітіруге болады. Бұл тәсіл екі түрлі.
Аллитерация (лат.-дыбыстас)-біріңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.Мысалы: Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық.
Ассонанс (фр.үндес)- біріңғай дауысты дыбыстарды қайталау.
Мысалы: Елбең-елбең жүгірген,
Ебелең отқа семірген.
Бұлар поэзияда да прозада да кездесіп отырады. Жалғыз бұл тәсілдерге ден қойып, көбірек дыбыс қуалап кетуден сақ болу керек. Бұл тәсілді көп қолдана беру әдебиеттегі шығарманы қызықсыз етіп, мазмұнын сұйылтып жіберуі мүмкін. Ажарлаудың тағы екі түрі бар:эпитет пен теңеу.
Айқындау, яғни эпитет-заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Әрине, бұрын-соңды көп рет қолданылып, ығыр болған эпитеттерді қолдана берудің керегі жоқ.
Мысалы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оны көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралының бірі-теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындлу үстінде тереңдейді де өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе түседі.
Мысалы: Жатқан жері даладай
Екі өркеші даладай
Қай теңеуді алсақ та, суреттеліп отырған нәрсені, не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады.
№3 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет