1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу


Сұрақ Нәруыздың қатесіз синтезделуін қамтамасыз ететін механизмдер



бет12/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
20 Сұрақ Нәруыздың қатесіз синтезделуін қамтамасыз ететін механизмдер.
Нәруыз синтезі үшін күрделі катализдікаппарат қажет. Нәруыз синтезінің рибосомадағы кезеңдері рибосоманың ірі комплекстерімен іске асырылады.Рибосома үлкен және кіші суббірліктерден тұратын комплекс.Кіші суббірлік мРНҚ және тРНҚ-мен байланысып оларды ұстап тұрса, үлкені пептидті байланыстың түзілуін катализдейді.Рибосомада біреуі мРНҚ және екеуі тРНҚ байланысатын үш участок болады.Соңғыдағы екі участоктың біреуі өсіп келе жатқан полипептид тізбегімен байланысқан тРНҚны ұстаса (Р-участок), ал екіншісі амин қышқылын тіркеп жаңадан келген тРНҚ молекуласын ұстап тұрады (А-участок), Полипептид тібегінің ұзару процессін үш кезеңнен тұратын цикл ретінде қарастыруға болады.Бірінші кезеңде аминоацил –тРНҚ молекуласы Р–участогімен шектесіп жатқан рибосоманың бос участкісімен байланысады. Р–участкідегі полипептид тізбегі тРНҚ молекуласынан ажырап , А участкідегі тРНҚ молекуласымен байланысқан амин қышқылымен байланыс түзеді. Үшінші кезеңде жаңадан түзілген пептидил– тРНҚ рибосоманың Р– участогіне өтіп рибосомадағы мРНҚ молекуласымен 5* →3* бағытында үш нуклеотидке жылжиды.Үшінші кезеңді құрайтын транслокация Р–участоктегіполипептид тізбегінен бөлініп түскен тРНҚ –ның цитоплазмаға қайта оралуын да қамтидыы.
21 Ферменттердің катализдік әсерінің механизмі
Ферменттік катализ, биокатализ - фермент немесе энзим деп аталатын катализатордың қатысуымен организмде химиялық реакциялардың жылдамдығының артуы. Ферменттердің ерекшелігі өте талғамды және белсенділігін жоғары болып келуінде. Мысалы, каталаза ферменті белоктың ыдырауын тезтетеді, бірақ тотығу процестеріне әсер етпейді. Осы ферменттің 1 молі қалыпты температурада 1 сек. ішінде 200 мың сутек асқын тотығы молекуласын ыдыратады. Организм тіршілігінде болатын зат алмасу процесі барсында көптеген хим. реакциялар: қоректік заттардың ыдырауы, жаңа хим. қосылыстар синтезі, т.б. өтеді. Ондағы пайда болған энергия физиол. процестер энергиясына айналады (мысалы, бұлшықет, бүйрек, жүйке жүйесі, т.б. мүшелердің жұмысы). Эволюция барысында бұл реакциялардың барлығы организмге қажетті қарқында өтетіндей механизм қалыптасқан. Ферменттік катализдің ерекшелігі - фермент әсерінен организм қажеттілігіне қарай өз белсенділігін арттыра немесе кеміте алатындығана Ферменттік катализдің тиімділігі - энергиясы мол аралық реакциялардың болуында. Ферменттік катализ ферменттің полипептид тізбегіндегі және бөліктерінің арасы хим. осал байланыстармен жалғасып, орта жағдайы өзгергенде оның глобулырлық құрылымының жеіңл өзгеретіндігін негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет