1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу


) Рибосома құрылысы . Полирибосома



бет37/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
72) Рибосома құрылысы . Полирибосома.
Рибосома ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар) іске асырады. Рибосомалар – екi әртүрлi бөлiктерi – субьбiрлiгi бар органоидтар. Рибосомалар дөңгелек, диаметрi 15,0-35,0 нм. Олардың құрамына бiрдей мөлшерiнде белок пен РНҚ бар. цитоплазмада рибосомалар бос немесе эндоплазмалық тор мембранасының сыртқы бетiн (бұдырлы мембрана) және ядроның сытрқы қабықшасында орналасады. Синтезделетiн белок түрiне байланысты рибосомалар «бiр – бiрден жұмыс жасай алады» немесе комплекстерге бiрiгедi – полирибосомалар. Мұндай комплексте рибосомалар ұзын а-РНҚ –молекуласымен байланысады. Полирибосома немесе полисома - рибосомалармен РНҚ-ның кешені, онын молекуласының қатарға орналасуы.
73.Рибосомалардың қызметі
Рибосомалар зерттеу жүргізілген өсімдік клеткаларының барлығынан табылған. Рибосомалардың болатынын алғаш рет 1941 жылы Касперсон мен Браше атап көрсетті. Бұршақ клеткасының рибосомалары диаметрі 250 А гранула пішінді бола-ды, олар осы кезге дейінгі белгілі органоидтардың ішіндегі ең ұсағы болып саналады. Ола.р ядро ядрошығында түзілген соң цитоплазмалық матрикске ауысады да бос күйінде жүзіп жүріп эндоплазмалық тордың .қабырғасына бекінеді.
Әр түрлі организмнен бөлініп алынған рибосомалар — ұсақ және ірі рибосомаларға бөлінеді. Ұсақ рибосомалар прокариоттардан табылған; оған ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Ірі рибосомалар эукариоттардан табылған. Эукариоттарға барлық калыптасқан ядросы бар организмдер жатады.
Рибосомаларға сипаттама беру үшін седиментация коэффициентін қолданады, оны ерітіндідегі бөлшектердің тұну жылдамдығы бойынша анықтайды.Бұл коэффициент рибосомалардың өлшемдері мен салмағына байланысты. Бұл шаманы 8 таңбасымен белгілейді, яғни ол Сведберг бірлігін білдіреді. А. С. Спирин. мен Д. П. Гаврилова (1968) прокариоттардан алынған рибосомалардың седиментация коэффициенті 708, ал эукариоттардан алынған рибосомалардыц седиментация коэффициенті 808 болуын анықтады. Барлық эукариоттардың хло-ропластары мен митохондрияларында да рибосомалар кездеседі. Бұл рибосомалардың седиментация коэффициенті 708 болады.
Рибосомалар клеткада белокты синтездеу қызметін атқарады. Бос рибосома белок синтезін жүргізе, алмайды. Белок синтезін жүзеге асыру үшін ол алғашында мРНК жіпшесіне бекінеді де, оның тізбегін бойлай қозғалады. мРНК-ның соңына жеткен соң рибосома босайды. мРНК-ға осындай әдіспен бірнеше рибосома бірінен соң бірі бекінеді. Мұндай топты полисома деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет