1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет26/74
Дата25.07.2023
өлшемі492,25 Kb.
#104783
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74
29. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз
1925 жылы желтоқсанда жетекші билеуші партияның ХІV съезі өтіп, елде индустрияландыру бағытын жолға қойды. Бұл бағыт бойынша ел аграрлық елден өнеркәсіпті елге айналуы тиіс болды.
Қазақсандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928-1932 ж.) тұстас келді және мейлінше қиын жағдайда өтті. Ол кезде халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді. Өнеркәсіп өндірісі тұтас алғанда соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-ына ғана жетті.
Қазақстан экономикасында бұрынғысынша ауыл шаруашылығы басым болатын, оның үлесіне бүкіл жалпы өнімнің 84,4%-ы тиетін, халықтың 90%-ы ауылды жерлерде тұратын.
Сонымен бірге жаңа экономикалық саясат жағдайында өлке экономикасында елеулі өзгерістер болғанын атап өткен жөн. Иесіз қалған шахталар мен кәсіпшіліктер қайтадан қатарға қосылды. 1926 жылы ол Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің үштен бірін берді. Сауда жандана түсті. Шаруашылық есепті, өзін-өзі өтеуді, өзін-өзі қаржыландыруды енгізу және басқа шаралар өнеркәсіптің жаңа экономикалық саясат арнасына дамуына игі әсер етті.
30. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптарын көрсетіңіз
1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін қатаң қуғындау басталды. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшыл басмашылармен байланыс және Кеңес үкіметін құлатуға ұмтылғандары үшін айыпталды, қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисі республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі В.И. Лениннің ізбасарлары И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді.
Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.
Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 жылы қыргүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен күшейді. 20 жылдардың соңында ел ішінде адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі, қорқыныш пен қорғансыздық күйі белең алды.
1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды.
Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады.
Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т.б.) лагерьлерде қайтыс болды, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б.) жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары мен олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жауы» немесе «халық жауының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді.
«Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.
1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің бір көрінісі – мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет