Тас дәуірінде, шамамен миллион жыл бұрын адамдар Қазақстан аумағын мекендей бастады. Ол кездегі табиғат жағдайлары казіргіден күрт өзгеше еді. Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, жүндес мүйізтұмсық, жабайы бұқа-тур, үңгір аюы және т.б. болды. Бүкіл тас дәуірі бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Кейін келе мамонттар мен мүйізтұмсықтар жаппай қырылып қалды, бүл жерде адамдардың іс-әрекеті де белгілі рөл атқарды деуге болады.
Белгілі ғалым X. Алпысбаев біздің елімізде палеолиттік мәдениеттің екі таралу аймағын бөліп көрсетеді: Сарыарка мен Қаратау жотасы (Бөріказған, Тәңірқазған, Қазанғап және т.б.). Еңбек құралдары негізінен түрлі формадағы дөрекі жене үлкен шапқылар (бифастар — екі жақты, унифастар -бір жакты) болды. Біртіндеп анағұрлым кішірек және едәуір жақсы өңделген құралдарға — микролиттерге көшу байқалады. Палеолитте адамдар отты пайдалануды үйренді. Аңшылык палеолит кезеңінің шаруашылығында басты рөл атқарды. Аң аулаудың тәсілдері әр түрлі: от аркылы қамалау, тұзак құру, шұңкырға құлату, т.б. болды. Өзен жағалауларында алғашкы адамдар сүйектен жасалған үшкір сүңгі (гарпун) мен қарапайым ілмектер (күршектер) көмегімен балық аулаумен де айналысты. Алғашкы адамдар үнгірлерде мекендеді.
Ғалымдардың пікіріне карағанда «Алғашқы адамдар тобыры» немесе «көне қауым» адамның жануарлар өлемінен бөлініп шығуымен бір мезгілде калыптасты. «Көне қауым» тұрақсыз құрылым еді, сол себептен біртіндеп коғамдық ұйымның неғұрлым берік түріне орын бере бастады. Тұракты кауымдық бірлестіктер өмір сүру үшін күресе алатын еді. Әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін шынайы негіз — стихиялы пайда болған қандас туыстық байланыстар колданылды, бұл туыстық тек аналық жағынан ғана бекітілді деп шамалауға болады. Рулық құрылысқа көшуді археологиялық мәліметтер де дәлелдейді (ұжымдық тұрғын-жай қалдықтары). Рудың аса маңызды белгісі экзогамия, яғни ру ішіндегі некелік катынастарға тыйым салу болды. Біртіндеп жеке ұйымдар — екі экзогамды рулардың өзара некелік қарым-қатынасы бар эндогамиялық тайпаға бірігуі орнықты.