57. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз
Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алғашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды 1928 жылы қазақтың ірі байларын кәмпескелеу науқанынан кейін қазақ барынан айырыла бастады, тұрмысы жүдеді, осы жағдайда халық амалсыздан, басқа жолы қалмағандықтан көтерілді. Негізінен бұлар ашаршылық үшін емес, жүргізіп отырған саясатқа, зорлық-зомбылықтарға қарсы атқа қонған, халықтың бұлқынған рухының қарсылығы болатын. Ал мұның аяғы ашаршылыққа әкелетінін халық түсіне бастады. Көтерілістерден кейін қазақ даласында жаппай ашаршылық басталды. Жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. 1929-1931 жылдар халық наразылықтары аса белсендi көрiнiс берген кезеңі болады. «Бандиттік» бас көтерулер мен ата қонысты тастап ауа кешулердi шығарып тастағанның өзiнде 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулерi болды. Жылдарға шаққанда олардың 54-i 1929 жылы, 241-i 1930 жылы, ал 77- 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. 1929 жылы күзде Қостанай округінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Көтеріліс Батпаққара ауданында 1 қарашада басталып, көтерілісшілер аудан орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін талқандады, түрмедегілерді босатты. Көтерілісшілерді А. Бекежанов, С. Қадиев, А. Смағұлов т.б. басқарды. Аудан өкілдері Кеңес өкіметін құлату жөнінде шешім қабылдады. Ауылдарда кеңестер сайланып, ол әрбір ауыл көтерілісшілер армиясына 50 жігіттен беру керектігі жөнінде шешім қабылдады, көршілес аудандарға үгітшілер жіберілді. Қысқа мерзім ішінде жалпы саны 500 - ге жуық отряд жиналғанымен, он көтерілісшінің біреуінде ғана ату құралы болды. Далаға ОГПУ - дің қарулы отрядтары аттандырылып, көтерілісшілер талқандалып, көтеріліс басып - жанышталды 200 - дей адам тұтқындалып, Қостанайға аттандырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |