1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметіне баға беріңіз



бет47/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
Байланысты:
Сессия тарих

60. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметіне баға беріңіз.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев- аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1960жылы19 қаңтарда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің пленумы өтіп Қонаев ҚАзақстан коммунистік партиясының орталық комитетінің бірінші хатшысыболып сайланады. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері болды. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Қазақстанның мүддесін қорғауда республика басшысы табандылық көрсетті. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Қонаев арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Қазақстан өзінің экономикалық қуаты мен ұлттық байлығы жағынан Кеңес Одағы құрамында Ресей мен Украйнадан үшінші орынға көтерілді. Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Кеңес одағы кезінде Қонаев Арал мәселесін сөз еткенімен орталық басшылық нақтышара қолданбады,Қонаевтың басшылығымен қазақтар партияның да,өкіметтің де жетекшілік қызметтеріне көптеп тартыла бастады. Бұл әсіре Қонаев партияның саяси бюросының толық мүшесі болып сайланғаннан кейін күшейе түсті.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, Медеу спорт кешені, Ұлттық кітапхана , цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қонаев Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет