71. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары туралы сипаттап көрсетіңіз ХІХ ғасырдың бас кезінде Кіші жүз қазақтары өздерінің ата-қонысы Жайықтың оң жағына көшуге, жайылымдық жерлерін қайта алуға тырысты. Әкімшілік басқарылуы жағынан Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағындырылды, орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. Еділ мен Жайық арасын, Каспий теңізінің солтүстігінен Ырғыз өзеніне дейінгі жазықты бірнеше жыл Еділ Қалмақтары мекендеді.Олардан бұрын да бұл далада қазақ рулары көшіп-қонып жүрді. Бертін келе патша үкіметі Орал казак әскери басшылары қазақ ауылдарына Жайықтан өтуге әлденеше рет тыйым салып көрді.Ол үшін әскер күшін де пайдаланды.Бірақ оған қарамай жеке рулар, ауылдар көшіп келіп, қоныстанып жүрді. 1771 жылы Еділдің бойын мекендеген қалмақтар Жоңғарияға қарай көшіп, Еділ мен Жайық арасындағы дала босап қалды. Бұл жерді Кіші жүз рулары мекендеді. Орал казак әскері қазақтарға маза бермеген соң,қоныстануға жоғарыдан ресми құжат қажет болды. Осыны алдына мақсат етіп отырған Бөкей сұлтаны Ресей императорына 1799 жылы хат жазып, өзінің қол астындағы қазақтарымен Жайықтың оң жағына өтіп қоныстануға рұқсат сұрайды. 1801жылы 11 наурызда патша Еділ мен Жайық арасын Бөкей сұлтанға қарауындағы елімен түгелдей иеленуге ресми рұқсат берді.Шын мәнінде,рұқсат беруге төмендегідей жайттар себеп болған. Қазақтарды Жайықтан өткізбеуге тосқауыл қоя алмайтынына өкіметтің көзі жетті. Қалмақтардың көшіп кетуіне байланысты орнында қалған аз қалмақ-ноғайдың Жайық бойындағы орыс-казактармен бірігіп қонысты қорғауға күші жетпеді. Ал шеп бойында қазақтардың көптеп жиналуының салдарынан казактармен қақтығыстар жиілей түсті. Ресей үкіметі бұдан ұтылған жоқ. Біріншіден, Кіші жүз екі иелікке бөлінді. Екіншіден Еділ мен Жайық аралығындағы сауда жолдары қауіпсіздендірілді. Осыдан Ресей үкіметінің Қазақстанға ықпалы күшейе түсетін болды. Ордабасы Мемлекеттік мүлік министрлігіне, кейіннен Сыртқы істер министрлігіне қарады. Патша жарлығында Бөкей қарамағындағы Еділ-Жайық арасындағы даланың солтүстікке Қараөзен, Сарыөзендерден, оңтүстіккте Каспий жағалауына дейінгі жайлауы көрсетілді. Қоныстанған аймақта Бөкей сұлтан басқарған Ішкі Орда құрылды. Аумағы 70 мың шаршы шақырым, Батысы Астрахан, Солтүстігі мен шығысы Саратов, Орынбор губернияларымен, оңтүстік және оңтүстік шығысы Каспий теңізі және Жайық шекара шебіне дейін жетті. Жалпы саны 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Жер көлемі 6 млн. десятинаны құрады. Олардың көпшілігі кедейлер еді. 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Бөкей 1815 жылы 12 мамырда қайтыс болады, тақты мұрагерлікпен иелену құқығы бойынша ұлы Жәңгір отырады. Бірақ жас (14 жас) болуы себепті, ол кәмелеттік жасқа толғанша елді Шығай сұлтан биледі. Ішкі орда немесе Бөкей хандығының саяси-экономикалық жағдайының,географиялық және тарихи жағдайларға байланысты өзгешеліктер болды. Алғашқы жылдары мал саны аз ауылдар Нарын құмында Қараөзен, Сарыөзен бойында еркін көшіп жүрді. Бірте-бірте көшіп келушілер саны 1812-1814 жылдар аралығында көбейе түсті. Жерге құныққан әскербасылары 1813 жылы Бөкей ордасының солтүстігін түгел иемденіп, әскери шептерін көшіріп, қос өзен аралығындағы шұрайлы жайылымды Қамыс-Самар көлдерімен қоса тартып алды. Сол жерлерге бекіністер салып (Таловка, Абинск, Вербовск, т.б.), казак-орыстарды көшіріп әкелді. Қыстауларынан айырылған қазақтар күйзеліске ұшырап,елдің бірқатары бөкейліктерді тастап бері өте бастады. 1824 жылы Жәңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланады. 1827 жылы ол Нарын құмының батыс бөлігіне хан ордасын салғызады. Елді басқару осы жерден жүргізіледі. Хан ордасында хан үлгісімен билер, сұлтандар, старшындар да үй салғыза бастайды. Жәңгір хан саяси-экономикалық дамуға бірқатар өзгерістер енгізді. Барлық жерде іс-қағаздарын енгізу тәртібін енгізді. Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу тәжрибесін енгізді. Қару-жарақ палатасын ашу жөнінде бастама көтерді. Оны толық қалыпқа келтіру біршама уақытқа созылды. Хан ордасы жанынан мектептер ашып, оқушылардан өзі емтихан қабылдаған кездері де болған. Мал шаруашылығы саласына, әсіресе мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөлді. Ағаш өсіру, шөп шабу мәселелеріне қатты көңіл аударды. Оның дәлелі бір кездердегі құм басқан даланы гүлденген алқапқа айналдырды. Міне, осы жасаған еңбегі, прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде І-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Билікті дербес басқарды, қолында әкімшілік және сот билігі болды.