1. Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша жазылған сөздерді белгілеңдер.
жаһан
2. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді белгілеңдер.
зауыт
3. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөздерді белгілеңдер.
жал-құйрық
4. Мақалды толықтырыңдар: Айтушы ақылды болса, ... дана болады.
Тыңдаушы
5. Қайсысы стиль түріне жатпайды?
Коммуникативтік
6. Техникалық әдебиет тілі қай стильге жатады?
Ғылыми стиль
7. Бейнелегіш, көркемдегіш сөздерді қолданып, автордың өз сезімін қоса суреттеуі қай стильге тән?
Көркем әдебиет стилі
8. Баспасөзде қай стиль қолданылады?
Публицистикалық стиль
9. Ғылыми стильде қандай сөздер көп қолданылады?
Термин сөздер
10. Көркем әдебиет стилін көрсетіңдер.
Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді.
11. Әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қарым-қатынас қандай ортада жүзеге асады?
Үй-іші, ағайын туыс, жора-жолдас т.б. арасында
12.Үзінді әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың қай үлгісіне жатады?
Тұлпар бар ма тұяғы майырылмаған,
Сұңқар бар ма қияғы қайырылмаған.
Қашанда тағдыр ажал жеткен күні
Кімдерден кімдер жылап айырылмаған.
Көңіл айту
13. Үзіндіде әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздердің қай түрі келтірілген?
– Тілің шешен, ойың көсем болсын, – деп маған әжем тіл берді.
Бата беру
14. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында мына үзінді амандасудың қай көрінісіне жатады?
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:
– Ассалаумағалейкүм!.. – деп сәлем берді... Бөжей оң назарын салып:
– Уағалейкүмассалам, балам! – деп тоқтай қалды...
Кішінің үлкенге берген сәлемі
15. Леп белгісі қойылатын сөйлемдерді белгілеңдер.
Жасасын бірлік бейбітшілік
Достарыңызбен бөлісу: |