№10 дәріс. Липидтер алмасуы


Мицелланың түзілуі. 4. Сіңірілу



бет3/4
Дата02.04.2023
өлшемі1,48 Mb.
#78459
1   2   3   4
Байланысты:
ТФП липидтер алм

3. Мицелланың түзілуі.

4. Сіңірілу.

Эмульсиялану- ащы ішекке түскен ірі май тамшылар ішектің жиырылуы және эмульгаторлар (жұп өт қ-ры, ФЛ, белоктар) әсерінен ұсақ май тамшыларына ыдырайды.

Эмульгаторлар- беткі-активті заттар, май тамшыларының бетіне адсорбцияланып, беткі керілу күшін төмендетеді. Жұп өт қ-дар ұсақ май тамшыларының бетіне адсорбцияланып оны бір текті теріс зарядтайды. Зарядтар өзара тебісетіндіктен эмульсия тұрақты болады. Эмульсия құрамындағы ТАГ, ФЛ, ХС эфирлері ұйқы безі және ішек сөлінің ферменттерінің әсерінен гидролизге ұшырайды.

Жұп өт қышқылдары

Мицелла түзілуі

Суда ерімейтін липидтердің гидролиз өнімдері – β-МАГ, ұзын БМҚ (көміртек атомы 10-нан жоғары), ХС мицелла құрамында ішек қабырғасына түседі. Мицелла гидрофобты ядро мен гидрофилді қабаттан тұрады. Ядро құрамына β-МАГ, ұзын БМҚ, ХС, ал гидрофилді қабатына жұп өт қ-ры мен ФЛ-тер кіреді. Мицелланың диаметрі 0,005 мкм тең.

Суда еритін қысқа тізбекті БМҚ және глицерин ішек жасушасына жеңіл сіңіріліп қақпа венасы арқылы бауырға түседі.

Ішек қабырғасында өтетін процестер

  • Мицелла ыдырайды.
  • Липогенез – ТАГ синтезі
  • β-моноацилглицеридті жолмен жүреді:

    β-МАГ + 2ацил-КоА ТАГ +2НSКоА

    3. Липонеогенез.

    4.Липолиз СО2 мен Н2О дейін. Липидтер толық тотыққанда өте көп АТФ түзіледі.

ТАГ-нің β-моноглицеридті жолмен түзілуі

5. Хиломикрондар түзіледі.

Қан арқылы суда ерімейтін липидтер (ТАГ, ХС мен оның эфирлері) жеке күйінде тасымалдана алмайды. Олар капиллярлардың бітеліп қалуына (май эмболиясына) әкелуі мүмкін. Сондықтан ішек қабырғасында хиломикрондар (ХМ), ал бауырда липопротеиндер түзіледі. Олар қан арқылы липидтерді тасымалдайтын формалар.

Хиломикрондардың (ХМ) құрамы

ХМ-дар гидрофобты ядро мен гидрофилді қабаттан тұрады. Гидрофобты ядро құрамына ТАГ-80%, ХС мен оның эфирлері -11%, ал гидрофилді қабатқа ФЛ-7% мен апобелок -2% кіреді. Оның диаметрі 0,1-0,5 мкм (1,5 мкм) дейін болады. ХМ-дар үлкен және тұрақсыз болғандықтан, ішек жасушасынан лимфа жүйесіне түседі. Кеуде лимфа өзегі арқылы, оң жүрекке, кейін өкпеге келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет