10-сынып І тоқсан


IV ТОҚСАН. 13-бөлім: Қоғам және заң



бет159/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   169
IV ТОҚСАН.

13-бөлім: Қоғам және заң.

Ермек Өтетілеуұлы «Ата Заң» өлеңі. Шешендік сөздер

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар 1-2-3-тоқсанда дамытылған тілдік түсінік пен дағдыларға сүйенеді. Бөлімнің тақырыбы «Қоғам және заң. Шешендік сөздер. Ермек Өтетілеуұлы «Ата Заң» өлеңі». Тілдік дағдылар осы тақырып аясында дамиды. Оқушылар тыңдалған мәтіннің лексикалық ерекшеліктерін қазақ және басқа тілде салыстыра отырып, тілі мен мазмұнын бағалауды жалғастырады. Түрлі мәтіндерге алуан ресурстарды қолдана отырып анализ жасайды және өз ойынан мәтіндер құрастырады. Оқушылар өздерінің оқу бойынша дағдыларын әр түрлі көзқарастар мен аргументтерде кездесетін қосымша ақпараттарды алу арқылы дамыта алады. 10-сыныпқа сәйкес оқыту мақсаттарына мыналар кіреді: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау; коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу; прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау; мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап шағын мақала жазу; жазба жұмыстарында (мақсат бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру; тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру; берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша

мәтіндер құрау; т .б.


Контекст

Бұл бөлім 9-сыныпта 1, 2 және 3-тоқсандарда қалыптастырылған тілдік дағдыларға негізделеді. Бұл бөлімде оқудан тыс іс-шаралар, болжау, талдау, сыни тұрғыда ойлау дағдыларымен байланысы бар. Заң ұғымының шығуы, ежелгі замандағы Заң жүйесі мен бүгінгі күн салыстырыла қарастырылады.



Жоспар

Бұл бөлімде «Қазақ тілі» тілдік дағдылары «Қоғам және заң» тақырыбымен және қазақ әдебиетінің көркем шығарамасы Ермек Өтетілеуұлы «Ата Заң» өлеңі мен «Шешендік сөздер» тақырыбы контекстімен байланыста дамиды. Оқушылар жұпта, топта бірлесе жұмыс істеу арқылы ынтымақтастық ортаны құру және сақтау, түрлі рөлдік ойындар арқылы көшбасшылық және өз әрекетіне жауап бере алу дағдыларын жетілдіреді. Әдебиет, тарих, география, Дүние жүзі тарихы т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет