Сабақтың тақырыбы: Алаш қайраткерлері тіл мәселесі туралы Күні



бет1/3
Дата12.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#81716
түріСабақ
  1   2   3

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы:
Алаш қайраткерлері тіл мәселесі туралы

Күні: 22.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 «В»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.2.1 Оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау;
9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру
9.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді,ақпаратты анықтай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Көтерілген мәселені ажыратады

Кейбір оқушылар орындай алады:




  • Өз көзқарасын білдіріп, қорытынды жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • Ақпаратты анықтайды;

  • көтерілген мәселеге талдау жасайды;

  • өз кқзқарасын білдіріп ,талдау жасайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Алаш үкіметі, Бес арыс, Алаш қайраткерлері, тұжырым,тіл,мәселе,даму, болмыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Алаш ұғымын қалай түсінесіз?

  1. «Алашорда »үкіметі қай жылы құрылды?

  1. Алаштың бес арысы

  1. Алаш қайраткерлері тіл мәселесі жайлы не айтқан?




Құндылықтарға баулу



Жауапкершілікке баулу, тілді құрметтеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Алдыңғы оқу

Алаш қозғалысына 100 жыл

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


2 минут


2 минут
6 минут

Ұйымдастыру
Амандасу, түгелдеу.
Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау
Жағымды психологиялық ахуал орнату. «Жақсылыққа ұмтылайық» әдісі арқылы Оқушылар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Мұғалім жіпті қолына алып, жақсы сөз айту арқылы (мысалы, Сәттілік, ынтымақтастық т.б. )келесі оқушыға ұсынады. Тізбек ары қарай жалғасады. Соңындағы оқушы қорытынды сөз айтады.
Қарым-қатынас формалары бойынша саралау
Топтастыру «Ханталапай» әдісі арқылы топқа бөлу. Өздерің қалаған асықты таңдап алыңдар. Стикерлерде «еркін» сөзіне синоним болатын сөздер жазылған. Оқушылар 2 топқа осы сөздер бойынша бөлінеді:
1-топ: «Бостандық»
2-топ: «Тәуелсіздік»
Жылдамдық бойынша саралау.
Топтық жұмыс.
Ой қозғау мақсатында «Ұяшықтағы сұрақтар әдісін» пайдалану, топтық жұмыс.
Топтар ұяшықтан сұрақтарды таңдайды, топта талқылап, жауап береді.

  1. Алаш ұғымын қалай түсінесіз?

  2. «Алашорда »үкіметі қай жылы құрылды?

3.Ұлт азаттық күрес жолын айқындауға қызмет еткен газеттер
4. Алаштың бес арысы
Осы әдіс жаңа тақырыпқа алып келеді
Дескриптор:

  • Сұрақтарға әр топтан бір оқушы жауап береді

ҚБ: «Марапат» тәсілі арқылы (танымдық аспект).
(Мұғалім бағалайды)

  1. төс белгі.

«Әдіс - тәсілдер қоймасы» методикалық оқу құралы, Талдықорған, 2018

https://yandex.kz/images
Стикер

Топ ережесі жазылған плакат





https://yandex.kz/images





Ортасы
минут


5 минут
2 минут
15 минут
5 минут ост.

Тапсырма бойынша саралау.
Жаңа тақырыппен таныстыру
Видео көрсету барысында екі топқа «Миға шабуыл» әдісі арқылы бірнеше (көрсетілген видеодан нені түсіндіңдер, қандай мәселе көтеріліп жатыр) сұрақ қойылады. Бұл « Интервью»әдісі арқылы жүзеге асады.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Бодандық- подчиненность
Мінбер- трибуна
Болмыс- натура человека
Бейресми-неофициальный
меншік-собственность
Оқылым. Айтылым.
5-тапсырма.Мәтінді оқы. «ЖИГСО» -« Бөлшекте ,жинақта!». Екі топ өздеріне бөлініп берілген мәтінді жеке оқиды, оны топ арасында талдайды, жинақталған ойларын постерге түсіреді. Ортаға шығып талқылайды.


Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтінді түсінеді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіннен көтерілген мәселені анықтай алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көтерілген мәселені талдай алады
Дескриптор:

  • Мәтіннен негізгі көтерілген мәселені табады;

  • Мәселені талдайды ;

  • Постерге түсіріп, дәлелдей алады.

ҚБ: өзара бағалау (ауызша)
Оқушыларға жеребе тастау арқылы «Кім жылдам?» әдісінің ішінде Аудиалдар мен визуалдар ойынын ойнайды. Бұл ойынның мақсаты- оқушыларды сауаттылыққа, жылдамдыққа, жауапкершілікке үйретеді. Тапсырманың шарты:
Топ басшылары жеребені алады

онда берілген сурет бойынша тапсырманы орындауға тобындағы бір оқушыны стикер беру арқылы анықтайды. Мәтін екі форматта беріледі. Бірінші визуалды топ мәтінді көріп оқу арқылы өз тобына жеткізеді, ал аудиал болса аудио жазбаны есту арқылы өз тобына баяндайды. Уақыт аяқталғаннан соң, әр топтан бір оқушы түсінгенін оқиды.Тапсырманың дұрыстығын мұғалім мәтінді оқу кезінде әр оқушы өз жазғанын тексереді.
Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтінді жазғанда грамматикалық қате кетіреді;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтінді қатесіз жазады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі ойды түсінеді.
Дескриптор:
- Мәтінді қатесіз жазу
- Мәселені талдайды ;
ҚБ: мұғалім бағалайды (ауызша )

  1. төс белгі


https://www.youtube.com/watch?v=-LJ5yy-tmwc




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет